МТРА жаңалықтары

Петропавлда екінші мәрте «Халықтық заңгер» акциясы өтті

Зарима Баширова:


–  Қазіргі қолымда күйеуімнен қалған өгей балам бар. Сол мұрагер болып қалсын деп құжаттарды соған рәсімдегім келеді. Соның барлығын дұрыстап анықтап алу үшін бүгін осында келіп отырмын. Баламыз әкесінің үйін еншілеп қалса деген ниетім бар.

Түйіткілді мәселені шешуге келген жандар аталған шара барысында білікті мамандардантегін кеңес ала алады. Бұл акция қаламызда осымен екінші мәрте өткізіліп отыр. Осы жолы мұнда әділет департаментінің өкілдері де қатысуда.

Людмила Даниленко – “Параграф” ақпараттық жүйесінің Петропавл қалалық филиалының жетекшісі:


–  Өткен жолы бізде адвокаттар ғана болған. Олардың саны 13 болса, осы жолы – 9. Қалғандары – Әділет департаменті мен нотариустық палата өкілдері. Мамандар бұл шараға өздері қатысуға ниет білдіреді.

3 сағат ішінде мамандар кеңесін алуға мұнда 120-дан астам адам келіпті. Петропавлдықтар, әсіресе, алимент, ажырасу және мұрагерлікке қатысты сауалдарын көп жолдаған.

Магжан Ахмадина