МТРА жаңалықтары

Өңіріміздің 80 жылдық мерейтойы кеңінен атап өтілуде

Кітаптың әр бөлімінде теріскейдегі білім берудің қалыптасуы мен даму жайы тереңнен зерттеліп жазылған. Туындыны оқырманға қаламгердің қызы Сара Мұқанова таныстырды.

Сара Мұқанова – Қайролла Мұқановтың қызы, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі:

– Жалпы бұл кітап 2015 жылы шыққан. Бұл кітаптың шығуы облысымыздың 80 жылдығымен тығыз байланысты. Мұнда көп жылдық тарихы бар білім жүйесіне арналған дәстүрлі шаралар, көп игі істер туралы жазылған. Бұл кітапта біз ардагер ұстаздар Білім бөлімдерінің басшылары және мекемелер туралы көп мәлімет аламыз.

Кітап Солтүстік Қазақстанның халық ағарту тарихы жайында сыр шертеді. Оны жазуда Қайролла Мұқанов өз зерттеулеріне көп сүйенген екен. Бұл ретте автор өңірдегі мұрағаттар мен мұражайларын көп ақтарыпты. Енді мағлұматқа қанық, баға жетпес шығарма өскелең ұрпаққа көп дәйек болары анық.
Сондай-ақ,жиынға келушілердің назарына өңірдегі оқу-білімге қатысты құнды жәдігерлер жайғастырылды. Көбі 20 ғасырдың басында қолданылынған оқу құралдары. Мысалы – мынау 1925-1926 жылдары петропавлдық мектеп оқушысының пайланған дәптері екен.

Құралай Аблина – «Өрлеу» БАҰО АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» бөлімнің бас маманы:

 

– Біз СҚО мұғалім мамандығының дамуын, қажеттілігін, оған сұраныстың қалай өскенін талдадық. Түрлі білім беру ұйымдары арасындағы өзара қарым-қатынастарды және заманауи білім берудегі өзекті мәселелерді көтердік.

“Педагогикалық шежіре” тақырыбындағы шараны ұйымдастырушылар өңірдің 80 жылдық мерейтойына арнапты. Мұнда білім жүйесінің еңбек ардагерлері, жас ұстаздар және мектеп оқушылары бас қосты.

Тогжан Акмагамбетова