Аптадағы маңызды жаңалықтар

Тамыздың 18-і Қорған облысында өтетін жәрмеңкеге СҚО 15 кәсіпорын қатысады

Вера Ленц – “Алекри фирмасы” ЖШС дайын өнімдер қоймасының меңгерушісі:


– Голландық желілер толығымен автоматтандырылған. Жұмыртқаларды іріктеу процесіне адам күші онша керек емес. Жұмысшылар тек кір және сатуға жарамсыз жұмыртқаларды іріктеп алады.

Голландық іріктеу желісінде жіті тексерістен өтіп, қораптарға салынып жатқан мына жұмыртқалар ертең Қорған облысына жөнелтіледі. Ресейдің қаласында тамыздың 18-і жәрмеңкеге өтеді. Онда өңірдің 15 кәсіпорыны жергілікті өнімнің 100 шақты аталымын ресейліктерге төмен бағада ұсынбақшы.

Людмила Мухамедова – “Алекри фирмасы” ЖШС атқарушы директоры :

– Біз Қорған облысына 30 қорап жұмыртқа апарамыз. Біздің өнім ресейліктерге таңсық емес. Дегенмен де осындай жәрмеңкенің жиі өтіп тұрғаны маңызды. Өнімге деген сұраныс артады. Біз тауықтардың басын екі есеге ұлғайтып, өндіріс қуатлығын арттырамыз. Ол үшін ескі цехтарды бұзып, оның орнына кеңірек жаңа цехтар тұрғызып жатырмыз. Өнімдерімізді жеткізу үшіне бізге болашақта үлкен нарық керек болады.

Бүгінде Алекри фирмасының өнімі Ресей елінің 10 аймағына экспортталады. Людмила Мухамедованың айтуынша, Ресейдің тұтынушылар жұмыртқаға талғампаз болғанымен, сырттан импортталған өнімдердің тауар белгісіне онша мән бере бермейді екен. Бірақ Қазақстандық өнімді жақсы алатын көрінеді. Сондықтан оларға Қазақстанда жасалған
тауарды таныту үшін жәрмеңкелердің маңызы зор дейді. Онда тұтынушы мен тауар өндіруші ешбір делдалдың көмегінсіз бетпе-бет жүздесе алады.

Берік Қасен