МТРА жаңалықтары

Қызылжар ауданында жер кодексіндегі өзгерістер түсіндірілді

Нақтырақ айтсақ, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет өзіне қайтарып кейін оны аукцион арқылы ел тұрғындарына сатпақ ниетте.

Дина Садықова – Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

– Бос жатқан жерлерді сатуға арналған бірінші аукцион жер телімінің кадастрлық құнының өсуін қарастыратын болады. Егерде бұл ретте ол сатылмаса, келесі науқанда белгіленген ең төменгі бағаға түсіруді қарастыратын болады. Аукционда жер тек Қазақстан азаматтарына сатылады. Ал шетелдіктерде тек жалға беріледі.

Жер телімін қазір жалға алған Қазақстан азаматтарына арнайы жеңілдік қарастырылған. Яғни олар аукционға қатыспай-ақ 10 жылға бөліп төлеу арқылы қол жеткізе алады. Негізі Қызылжар ауданында 215 мың гектар егістік жер жалға берілген. 300 гектарын жеке меншікке 2000-шы жылдары 5 шаруа қожалығы сатып алған. Тағы 10 мың гектарға жуығын пайдаланбай жатқан серіктестіктерден мемлекетке қайтарылмақ. “Петерфельд-Агро” ЖШС бүгінде 4 мың гектар жер бар. Бүгінгі кездесуде шаруа қожалығындағылар өздерін толғандырып сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауап ала алды.

Нұрлан Әбділев – “Петерфельд-Агро” ЖШС басқарушы директоры:


–  Бүгінгі қойған сұрағым ол шетелдіктерге жер не себепті жалға 25 жылға беріледі. Оны түсіндіріп берді. Өйткені аз мерзім болғанда олар пайда жоқ деп инвестиция құймаулары да мүмкін екен.

Бұндай кездесулер алдағы уақытта да өтетін болады. Ал Елбасы жер кодексіне жариялаған мораторийі 2017-ші жылдың 1-ші қаңтарына жалғасады.

Риат Шони