МТРА жаңалықтары

“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ СҚОФ бірінші жарты жылдықты қорытындылады

Бүгінде салымшылар жеке зейнетақы жинақтарының туралы ақпаратты қордың сайтынан немесе “ENPF” ұялы қосымшалар арқылы біле алады. Соңғы кезде тұрғындар арасында электрондық тәсілде көрсетілетін қызметтердің қолданыс аясы кеңейіп келеді.

Данияр Маекенов – “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ салымшылармен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекшісі:

– CҚО бойынша мәлімет. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы- 162 млрд. теңге, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – 993 млн. теңгені құрады.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында ел бойынша таза инвестициялық табыс сомасы былтырғы жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда екі есеге дерлік артыпты. Мамандардың айтуынша, бұл доллар құнының көтерілуіне байланысты.

Данияр Маекенов – “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ салымшылармен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекшісі:

– Инвестициялық табыс мемлекеттік құнды қағаздар, депозиттер мен алтынға салынған қаражат есебінен ұлғаяды. Бұдан салымшыларға келіп түсер пайда бар.

2018 жылы зейнетақы жүйесі реформаланады. Сол кезде жұмыс берушілер есебінен еңбек ететін барлық санаттағы азаматтардың қордағы шотына 5 пайыз міндетті жарна аударылып отырады. Ал зиянды және қауіпті кәсіпорындарда жұмыс істегендердің жарнасы 20 пайызға жетеді. Бұл міндетті және кәсіптік зейнетақы жарналарын қоса есептегенде. Және зейнетақы алушылардан жылына бірі рет кіріс салығы алынып тұрады.

Берік Қасен