МТРА жаңалықтары

Петропавлда жылу есептегіш құрылғысы 537 көпқабатты тұрғын-үйде орнатылған

Бұл Астана көшесі 50 мекен жайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын-үй. Мұнда әлі жылу есептегіш құрылғы орнатылмаған екен. Келесі жылдан бастап жылуға дифференциалдық тариф енгізіледі. Сол кезде қондырғысы жоқтар екі есе ұтылады дейді шаһар басшысы Марат Тасмағанбетов.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:


–  Келер жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жылуға дифференциалдық тариф енгізіледі. Сәйкесінше тұрғындар 1 шаршы метрге 122 теңге төлейтін болады. Сол себепті қалалықтар қазір жылу есептегіш құрылғысын мемлекеттік бағадарлама арқылы несиеге алып, орнатулыра қыжет. Осының арқасында олар жылуға төлейтін ақшаны үнемдей алады.

Астана көшесі 50 мекен жайындағы “Куйбышевец” өндіріс кооперативіне Владимир Айперт төрағалық етеді. Бұдан бөлек оның қарамағында тағы 8 үй бар. Оның алтауында жылу есептегіш құрылғысы орнатылыпты. Осылайша тұрғындар өз ақшаларан әлдеқайда үнемдеген.

Владимир Айперт – “Куйбышевец” өндіріс кооперативінің төрағасы:

– Менің қарамағымдағы жылу есептегіш құрылғысы орнатқан үйлер өткен жылдары ақшаларын 30-40 пайызға үнемдеді. Енді қалған үш көпқабатты тұрғын-үйдің тұрғындары да бұл аспапты орнату керек деген шешімге келіп отыр. Жалпы құрылғының құны 700 мың мен 900 мың теңгенің аралығында. Мемлекеттік бағдарламаның аясында біз оны 4 жылға несиеге ала аламыз. Сонда пәтердің аумағына байланысты тұрғындар аспапты сатып алуға айына 150-400 теңге аралығында төлейтін болады.

Жалпы Петропавл қаласында 537 көпқабатты тұрғын-үйге жылу есептегіш құрылғысын орнату қажет. Әзірге оның тек 288-де ғана бар екен.

 

Риат Шони