Қоғам

Петропавлда республикалық “Ақ орамал” акциясы бастау алды

Светлана Соколова – анна:


– Менде қыз бала дүниеге келді.Есімін – Арианна деп атадым. Бойы – 54 см, ал салмағы – 3 306 кг. Болашақта сәбиімнің еліміздің белді азаматы болғанын қалаймын. Сол үшін қызымның тәрбиесіне барымды саламын. Бейбіт, тату елде өмір сүре берейік.

Бүгін бір ғана облыстық перинаталдық орталықта 8 бірдей ана сәбиді дүниеге әкелді. Олардың әрқайсысына ақ орамал тағылды. Бұл – ақ ниетті арқалаған бар жақсылық атаулының белгісі, – дейді ұйымдастырушылар. Бейбітшілік пен татулықты, қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін “Ақ орамал” акциясы тамыз айының 29-на дейін жалғасады.

Күлімкөз Смайылова – Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы,

– Елбасымыз Вашингтон қаласында өткен саммитте “Әлем – ХХІ ғасыр” деген манифестпен шығып еді. Ең басты өзекті мәселе болып отырған дүниежүзіндегі талай соғыстар болып жатқаны. Енді оны тоқтатып, аналардың барлығы қазір ат салысып,өскелең ұрпақтың сана сезімінде бейбіт өмірді құрушы, жасаушы адамды тәрбиелеуге тиіс. Біз қазір барлығымыз бірігіп халықтың назарын бейбіт өмірге аударғымыз келеді. Ең басты құндылығымыз біздің Қазақстанның -тұтастығы, Қазақстанның – берекесі.

Айта кеткен жөн, тамыздың бірінен бастап облыстық перинаталдық орталықта 244 перзент дүниеге келген. Балалардың 115 ұл және 129 қыз.

 

Тогжан Акмагамбетова