Қоғам

Петропавлда “Менің сүйікті отбасым” атты байқауы бастау алды

Рүстем Сағынбаев – қатысушы:


– Осы жобаға қатысуымыздың мақсаты жолдасымыз екеуіміз бір-бірімізді одан әрі көрейік. Қалай шыдай аламыз ба, әлде жоқ па. 8 бала тәрбиелеп отырмыз. Әрине жеңіске жетсе деген ниет бар. Дайындығымыз жақсы.

Сайысқа қатысуға аталған отбасыдан бөлек тағы 4 жұп өтініш білдірген. Қыркүйектің 8-іне дейін жалғасатын шара барысында олар түрлі сайыста бақтарын сынайды. Мұнда қатысушылар психолог, әртіс, сәнгер, хореограф және фотографтардың берген тапсырмаларын, бар-жоғы 12 сынды өткереді. Үміткерлер квест ойыны мен жүгіру марафонында да ат салысады дейді ұйымдастырушылар.

Галина Бондаренко – «Улыбка» балалар қайырымдылық қорының президенті:

 


– Біздің алға қойған басты мақсатымыз осы шара арқылы жұптарды бір-біріне одан әрі жақындастырып, махаббаттарын баянды ету. Біз осындағы жұптар мен жас жұбайларға өздерінің арасында туындайтын қиындықтарды жеңуді үйретеміз. Байқауда түрлі сайыстар болады. Олардың қиындық деңгейлері әртүрлі. Бірақ біздің қатысушылар үшін барлығы қызықты болары анық .

Жоба қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ал «Менің сүйікті отбасым» атты байқауды көрермендер “Қазақстан-Петропавл” арнасы және әлеуметтік желілер арқылы тамашалай алады.

Тогжан Акмагамбетова