МТРА жаңалықтары

Петропавлда «Казградстрой-НС ЖШС 10 жылдың ішінде 7 үй тұрғызған

Серіктестік қаламызда бірнеше сәулетті нысандар салып, тұрғындарды баспанамен қамтыды. Бұл ретте “Мечта”, “Дуэт” үйлерін ерекше атап кеткен жөн. Болашақта аталған компания қаламызда тағы бірнеше нысанның кірпішін қаламақшы.

Валерия Новокшанова – «Казградстрой-НС ЖШС сату бөлімінің менеджері:

– Жоспар бойынша жақында “Қайсар” тұрғын үй кешенінің құрылысы басталады. 1 подъезден тұратын 24 қабаттық нысан Жамбыл көшесі бойында салынады. Тағы, алдағы уақытта 3 үйден тұратын 12 қабаттық “Трио” тұрғызылады. Сонымен қатар болашақта, қаламызда 24, 18, 5 қабатты баспаналарды халық қолданысана бермекшіміз.

Петропавлдағы көркі көз тартатын “Қызылжар” тұрғын үй кешенінің құрлысы 2014 жылы басталды. Бүгінде мамандар нысанның 12 қабаттық бөлігін аяқтаған. Енді, олар баспананың екі жағынан 16 қабаттық үйлерді тұрғызуда.

Валерия Новокшанова – «Казградстрой-НС ЖШС сату бөлімінің менеджері:

– “Қызылжар” тұрғын үй кешені 33181 шаршы метр аумақты құрайды. Нысанның құрылысы ойдағыдай жүргізілуде. Жалпы, 176 пәтерлік үй келер жылдың соңында қолданысқа беріледі.

Айта кеткен жөн, «Казградстрой-НС ЖШС жылда құрылыс саласында білім алатын 60-қа тарта студент тәжірбиеден өтеді. Сонымен қатар, компания қаламызда ұйымдастырылатын түрлі қайырымдылық шараларының үнемі қатысушысы.

 

Култанов Байболат