Құқық қорғау органдары

Өңірде «Көкнар-2016» жедел-алдын алу шарасы жүріп жатыр

Тексеру жұмыстарын жүргізіп, темір тұлпардың жүксалғышын ашқызған тәртіп сақшылары оның ішінде пластикалық бөтелкеге салынған күдікті затты анықтайды. Кейін оны бірден сот-химиялық сараптамаға жөнелткен.

Жамбыл Топаев- СҚО ІІД ЖПҚ аға инспекторы:


–  Өзіндік иісі бар өсімдік тектес жасыл зат анықталды. Біз бірден кезекші бөлімге хабарлап, жедел-іздестіру тобын шақырдық. Жүргізуші жайлы ақпарат жиналып, құжаттар 2-ші полиция бөліміне жөнелтілді.

Тәртіп сақшылары тағы 10 көңіл көтеру орнын тексеріп, 9 азамат наркологиялық орталыққа жеткізіген. Олардың есірткі қолданғаны анықталып отыр. Енді бұл жандар емдеу мекемесінде есепке тұрғызылады. Бұдан бөлек, ювеналдық полиция өкілдері түнгі уақытта көше кезіп жүрген кәмелеттік жасқа толмаған екі жасөспірімге хаттама толтырды.

Дәурен Оразалин- СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі:

 

–  Ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан 30-ші қазанға дейін «Көкнар-2016» жедел-алдын алу шаралары жүргізілуде.

Жыл басынан өңірде есірткі бизнесіне қарсы күрес заңнамасын бұзудың 267 фактісі тіркелген. Соның 42-сі оны саудалауға қатысты орын алыпты. Тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 1 келі героин, тағы 270 келіден астам түрлі есірткі затын тәркілепті.

Магжан Ахмадина