МТРА жаңалықтары

Қазақстан төңірегінде сатылатын тондар таңбалануы тиіс

Енді оларға өз тауарларын таңбаланбаған күйде сатуға тыйым салынады. Жаңашылдық Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы елдерде жүреді. Бірақ, қазақстандық кәсіпкерлер қазірден дабыл қағуда. Олар жаңашылыдқыты енгізуге әлі ерте деп отыр.

 

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

– Сіздің тоныңызды кім, қашан, қайда және неден тікті? Оны ішіктегі арнайы қосымша мен чип арқылы білуге болады. Еліміздің қаржыЛЫҚ бақылау ОРГАНЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ айтуынша, бұл – сапа көрсеткіші емес, көлеңкелі экономикамен күрестің бір түрі.

Біздің өңірге тондарды негізінен Қытай мен Грециядан әкелінеді. Бірақ, кәсіпкерлердің барлығы бірдей тауарға қатысты талаптарға сай жұмыс жасай бермейді.

Бауыржан Ахметов, СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

– Бізде ҚР-на кіргізетін тауарды тіркеп, кедендік баж салықтарын төлейтін кәсіпкерлер бар. Сәйкесінше, ЖЕКЕ тұлға ретінде тасымалдап, ештеңе де төлемейтін алып-сатарлар да кездеседі. Осыдан кейін, әрине бәсекелестік тең жағдайда болмайды.

Осындай кәсіпкерлердің кесірі барлығына бірдей тиюі мүмкін. Сазқұндыз, қаракүзен, жанат, түлкі. Енді, кез-келген табиғи теріден тігілген тон жаппай чиптендірілетін болады. Тамыздың 12-нен бизнесмендерге таңбаланбаған ішік пен бас киімді тасымалдауға, тіпті сақтауға тыйым салынады. Кәсіпкерлер мұндай жаңашылдықты ынта-ықыласпен қабылдай қоймады. Айтуларынша, дайын емес. Қысқа уақыт ішінде мұны жүзеге асыру қиынға соғады.

Бауыржан Ахметов, СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы :

– Өз кезегінде, кәсіпкерлер палатасы Мемлекеттік кірістер комитетіне ресми жүгініп ҚР аумағында теріден жасалған заттардың айналымына қатысты ережелерді – енгізілуі қажет ұлттық актілермен ақпараттық жүйелердің бекітілмейінше жүзеге асырмай қоя тұруды өтінді.

Әзірге кәсіпкерлер палатасының мамандары жауап алған жоқ. Жоба қазір эксперименттік кезеңде. Сондықтан, салық органы әзірге дүкендерді тексермеуі тиіс. Ал, осы жылдың аяғынан ішік, тон салондарын бақылауға алып, тауарларына чип орнатпаған кәсіпкерлерке айыппұл салынады. Ал, Еуразиялық одақ елдеріне тондарды астыртын тасымалдайтындар “Кантрабандалық” әрекеті үшін жауапкершілікке тартылады.

– Тоныңызда арнайы белгі болмаса да, қорықпай кие беруіңізге болады. Бұл үшін киімнің иесіне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Ескерте кететін тағы бір жай, алдағы уақытта ішіктерді сатып алу қиындай түспек. Себебі, бизнесмендердің болжауынша енгізілген жаңашылдықтарға байланысты олардың құны әжептәуір өсуі мүмкін.

 

Ақбөпе Тәңірберген