Білім

Облыс аумағындағы білім беру ошақтарының жаңа оқу жылына даярлығы пысықталды

Осы күні әлеуметтік маңызы бар нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұдан өзге ел және жергілікті қазыналар есебінен аудан мектептеріндегі қазандықтарды сыртқа шығарылды.

Шолпан Каринова – СҚО білім басқарамасының басшысы:


– Бүгінде білім ұйымдарындағы қазандықтарды сыртқа шығару жұмыстарын Айыртау, Жамбыл, М.Жұмабаев аудандары жақсы атқарып жатыр. Кейбір ауыл мектептерінде жобалық сметалық құжаттар даярланып жатса, басқаларында бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталады. Облысымыздағы барлық білім бері ошақтары көмірмен 100 пайыз қамтылған.

Аудандық бюджеттер қарастырылғанша, мектептердегі қазандықтарды сыртқа шығару шаруаларын біржола шешіп алған жөн дейді облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Қайырлы Едіресов.

Қайырлы Едіресов – СҚО қоғаммдық кеңесінің төрағасы:


– Мектеп ғимараттарында орналасқан 42 қазандықты келесі жылға қалдырып жатырсыздар. Бұл балалардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шара. Сондықтан оқу маусымы кезінде де қазандықтарды ғимаратардан шығару шаруасын атқара беру керек. Мәселені біз аудан бюджеттері қарастырылғанша шешіп алғанымыз жөн.

Жылдан жылға білім саласына бөлінетін қаражат көлемі ұлғайып келеді. Сондықтан оның тиімді жұмсалуын қоғамдық кеңес мүшелері жіті назарға алатын болмыз деді.

Берік Қасен