МТРА жаңалықтары

Инвестициялық бағдарлама жүйелі орындалып келеді

Олардың базасында 4 өндірістік участок құрылған. Бүгіндері сол желілердің 67 пайыздан астамының тозығы жеткен. Қазір солардың бірқатарында, атап айтсақ, Соколов және Преснов топтық су құбырларында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тағы инвестициялық бағдарлама аясында Есіл топтық су құбырларында басты су тартқыш желілерді алмастыру шаралары іске асып жатыр.

Никита Забавин- ҚР АШМ Су ресурстары комитеті «Қазсушар» ШЖҚРМК «Есіл су» филиалының бас инженері:

– Бағдарламаны іске асыру кезеңі 2015-2020 жылдар аралығы. Жоба құны- 212 млн теңге. Бүгіндері диаметрі 720 мм болатын болат құбыр, есептегіш құрылғылар алынды. Бұл жұмыстар шығындарды азайтуға, тозығы жеткен желілірдің пайызын төмендетуге жалпы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге септеседі.

Магжан Ахмадина