Бизнес және экономика

Жыл басынан бері Тайынша ауданының 12 тұрғыны “Жұмыспен қамтудың жол каратсы” бағдарламасы аясында несие алды

Ол қаражатқа 4 мүйізді ірі қара мен 20 бас қой және 2 жылқы сатып алады. Айналдырған үш жылдың ішінде қарызын мерзімінен бұрын өтеп, ісін кеңейте түсу үшін жақында тағы да арзан несие алыпты. Аманжол Нұрдыбай келешекте ірі қара басын 60-қа жеткізіп тұшпара әзірлейтін цех ашуды жоспарлауда.

Аманжол Нұрдыбай – жеке кәсіпкер, Тайынша ауданы:

– Несие арзан деп айта аламын. 1 млн 800 мың теңге қылып алдым. Қарызға бар болғаны 300 мың теңге үстемеақы қосып қайтарамын.

Аманжол Нұрдыбайға шаруашылықты жүргізуге інісі қолғабыс етеді. Жанапия Нұрдықа ауылда ерінбей мал баққан адам ештеңеден таршылық көрмейді дейді.

Жанапия Нұрдықа – Тайынша ауданының тұрғыны:


– Ағама қолғабыс етіп жүрмін. Ол маған ай сайын 50 мың теңге төлейді. Ол қаражатқа 6 баламды асырап отырмын. Ауылда малсыз адамның күні жоқ. Малдың басын көбейтіп, мемлекетке көмектесу керек. Елдің өркендеп, дамуы әр адамның жемісті еңбегіне байланысты.

Биыл Аманжол Нұрдыбайдан басқа “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы аясында Тайынша ауданының 11 тұрғыны мемлекеттен қарыз алып үлгерді. Дені мал шаруашылығымен айналысады екен. Жалпы жыл соңына дейін осы ауданда тағы 12 адамға шағын несие берілмекші.

Татьяна Бондарь – Тайынша аудандық жұмыспен қамту орталығы директорынының міндетін атқарушы:

– Бағдарламаның шарты бойынша заемшыда ел аумағында кепілдікке қоятын жылжитын немесе жылжымайтын мүлігі болуы тиіс. Екіншіден, ол фискалды органдарда жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет. Жергілікті тұрғындар үшін 3 млн, ал өзге өңірлерден қоныс аударушылар мен оралмандарға 5 млн теңгеге дейін шағын несие беріледі. Қарызды 5 жылға бөліп төлеуге болады. Шағын несие тұрғын үй алу мен сауда-саттықтан басқа кәсіп түрінің барлығына жарамды.

Еске салайық, шағын несие әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамттар мен жұмыссыздарға да беріледі. Ол үшін заемшыда кепілдікке қояр дүние-мүлкі болуы қажет.

Берік Қасен