Қайырымдылық

Петропавлда сал ауруына шалдыққан Арина Горяйнованың ем-домына арналған қайырымдылық кеші өтті

Одан түскен қаржыны туа біткен сал ауруына шалдыққан 8 жасар Арина Горяйнованың еміне бермек. Кіштентай қыздың жүріп-тұруы да қиындаған. Осыған дейін 5 бірдей операцияны өткеріпті. Жылына екі рет Қырғызстан Республикасына барып ем алады. Қыркүйекте тағы барып көзіне ота жасау керек. Бірақ бұл үшін қаржы тапшы дейді, анасы.

Анна Горяйнова, Арина Горяйнованың анасы:


– Қол ұшын бергендерге алғысымды білдіргім келеді. Емделуге жақын арада баратынымызға қуанып отырмын. Отаны Қырғызстанда жасайды. Оған 600 мың теңгеге жуық сомма керек. Қазір жерлестеріміздің көмегінің арқасында, қолымызда қаржының бір кішкентай бөлігі бар.

Шара қала өнерпаздарының концертіне ұласты.

Мұнда жергілікті “Экспромт”, “Қуанамын”, “Айналайын” және балалар үйінің тәрбиеленушілері ән айтып, би биледі. Арнайы сатылған билеттен түскен ақша да кішкентай қыздың анасына табысталады.

Светлана Барышева – ұйымдастырушы:

– Кеше біз Бескөл ауылында осындай жиын өткіздік. Содан 65 мың теңге жиналды. Бүгін де, кешегі шарадағы сияқты қолөнер шеберлерінің туындыларынан және сатылған билеттен түскен қаржының барлығы сырқат баланың шет елде жасалатын отасы үшін арнайы жәшікке салынады.

Екі күндік қайырымдылық шарасы барысында барлығы 170 мың теңгеге жуық ақша жиналыпты.

 

Тогжан Акмагамбетова