Спорт

Петропавлда “Petrocap” турнирі жалғасуда

Есеп 4:1. Олар «Петрокап» турнирінің былтырғы жылғы жеңімпаздары. Сәйкесінше биылғы фавориттер. Келесі кезеңде де олардың қарсыластары ҰҚК адуындық таныта алмады. Бір гол салғанымен, өз қақпаларына екі бірдей допты жіберіп алды. Нәтижесінде 6:2 болып ұтылды.

Евгений Кошкин, «Динамо командасының капитаны:

– «Динамо» командасы 1998 жылы құрылды. Ол кезде басқа ойыншылдар болды. Команда «Қызылжар», «Есіл Богатыр» ФК ойнаған бұрынғы кәсіби футболшылардан тұрады. Былтыр дәл осы турнирде командалар көп болды, бірақ сапасы нашар еді. Ал биыл құрамалар саны кеміген, тек мықталары қалыпты.

Келесі алаңда «Таймас” және «Жол салушылар» ойнап жатыр. Жалпы маусымдық ойынға 27 команда қатысуда. Олардың дені аула футболшылары. Ішінде ауданнан келгендері де бар. Олар 7 топқа бөлінген. Әрқайсынан тек үздіктері финалға өтеді.

Абылайхан Қайроллаев – «Жас Отан» ЖҚ Петропавл қалалық бөлiмiнiң жетекшiсi:

– «Петрокап» турниріне қатысушылар әр демалыс сайын өзара ойнайтын болады. Жарыс қыркүйектің орта тұсына дейін жалғаса бермек.

 

Акбопе Танирберген