Ауыл шаруашылығы

Облысымыздың құрдастары құрметке бөленді

Десе де, соның барлығын абыроймен өткеріп, бүгіндері дамыған мемлекетке айналдық дейді . Мұның барлығы маңдай терімен ауыл, аймақ қаланың көркеюуіне үлес қосқан ардагерлердің арқасы. Осыны ескерген облыс басшылығы Аслан Нехайға құттықтау хат жолдады.

Аслан Нехай- еңбек ардагері:

– Біздер қиын кезеңдерде жұмыс істедік. Таңнан кешке дейін жұмыста жүріп, кейде тіпті отбасына уақыт бөле алмайтын кездер болды. Бірақ әйелім мен балаларым ол шаруаның барлығы болашағымыздың жарқын болуы үшін істеліп жатқандығын түсінетін. Өмір жолымда маған ылғи жақсы адамдар, өз ісін жетік білетін азаматтар кезікті. Маңызды істерді еш қиындықсыз атқаруым солардың арқасы деп білемін. Нақ туған күнімде осындай құрметке бөленіп жатқаныма өте қуаныштымын.

Қарапайым жұмысшыдан басшылық қызметке дейін жеткен қария, қазір бейнетінің зейнетін көріп отыр. Тәрбилеп өсірген 3 баладан, бүгіндері 6 немере, 3 шөбере сүйген бақытты жанды туған күнімен үзеңгілес достары, әріптестері құттықтауда.

Жақсылық Ысқақов- еңбек ардагері:


–  Бұл кісілерге арналған құттықтауларға қосыламын. Шыныменде, Аслан Нехай да Николай Куликовта облысымыздың дамуына зор үлес қосқан жандар. Өз жұмыстарын сапалы әрі жақсы атқарды. Екеуін де тек жақсы жақтарынан таныдым. Сондықтан да құрмет-қошеметке лайық. Әлі де болса, ұзақ ғұмыр сүре беріңдер демекпін.

Бұл залда тағы бір мерей той иесі отыр. Ол – Николай Куликов. Қария тамыздың 3-і 70 жасқа келіпті. Николай Федорович өзінің саналы ғұмырын ауыл шаруашылығы саласының дамуына арнапты.

Николай Куликов- еңбек ардагері:

 

– Мен ауыл шаруашылығы саласында 45 жыл еңбек еттім. Осы аралықта савхозды басқардым, Соколов ауданын басқардым. Ең бір есімде қалған кезең ол 90 жылдар болатын. Нақ сол жылдары мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында орынбасар болып еңбек етті. Сала дами бастады. Жаңа әдістер, зертханалар пайда бола бастады. Ірі шаруашылықтар құрылды.

Кейін Николай Куликовқа облыс әкімінің Құрмет грамотасы табысталды.

Магжан Ахмадина