Аптадағы маңызды жаңалықтар

Есіл ауданының диқандары орақ науқанына білек сыбана кірісті

Есіл ауданында бұл ауылшаруашылығы машинасының екі бірлігі ғана бар. Олар Николаевка селосындағы “Кантемир-Агро” ЖШС-не тиесілі. Шаруа қожалығының басшысы Болат Әбілмажиновтың айтуынша отандық өнім орақ науқанында шетелдік “Джондир”, “Вектор” сынды техникалардан еш кем түспепті.

Болат Әбілмажинов – “Кантемир-Агро” ЖШС директоры, Есіл ауданы

– Былтыр 2 “Sampo Asia” комбайнын алғанмын. Олар келді де орақ науқанын көзді ашып жұмғанша аяқтап тастады. Өте жақсы техника. Алғанымен өкінбеймін.

“Кантемир-Агро” ЖШС биыл өзінің егістігінде алғаш рет “Туман-2” бүріккішінде сынап көрген. Ресейлік техника егін даласында сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жүйткүй алады. Айта кету қажет, бүріккіштің бұл моделі Есіл ауданында әзірге біреу-ақ.

Владимир Матейко – “Кантемир-Агро” ЖШС агрономы, Есіл ауданы

– Біз майлы дақылдарды көбірек өсіреміз. 2,5 мың гектарда дәнді дақылдар болса, 1300-де рапс, 1000 гектарда зығыр себілген. Оларды өңдеу үшін техника қажет болды. Бұған дейін “Avagro” ЖШС-ің өнімін қолданғанбыз. Ал биыл тамыз айында ресейлік “Туман-2”-ні алдық. Ол сағатына 80 гектар жерді өңдей алады. Бүріккүш ені 28 метр болатын аумақты ала алады. Сыйымдылықтың көлемі 2000 литр. 2 мың гектар жерді 5 күнде өңдеп шықты. Өзін жасқы қырынан көрсетті.

Есіл ауданында кезекті орақ науқанына 460 комбайнның 90 пайызы дайын. Дизельдік отын 70, бензин 100 пайызбен қамтылған. Ауылшаруашылығы техникаларының көрмесінен кейін дала күніне жиналған шаруа қожалықтарының басшылары автобустарға отырып, егістік алқаптарға аттанды. Ең алғаш аялдаған нүкте ол дән сұрыбын сынау учаскесі болды.

–  Бұл Есіл ауданындағы дән сұрыбын сынау учаскесі. Өз жұмысын 1937 жылы бастаған. Мұнда бидайдың 58 түрі өсіріліп жатыр. Ал жалпы ауылшаруашылығы дәнді-дақылдарының 12 түрі өсірілуде.

Бұндағы қызметкерлер қай дәнді-дақылдың түрі біздің өңірдің климатына төзімді екені зерттейді.

Николай Позолотин – “”СҚО ауылшаруашылығы мәдени өсімдіктерін сұрыптау бойынша инспектурасы”

Есіл азықтық дән сұрыбын сынау учаскесі” ММ филиалының агрономы, Есіл ауданы:


–  Бұл учаскеде 79 жылдың ішінде қазір ауданымызда егілетін барлық дәнді-дақылдар сынақтан өтті. Қазір мұнда өсіріліп жатқан бидайдың 58 түрінің 14-і қатты топқа, 44-і жұсақ топтағыларға жатады. Дәнді-дақылдың төзімділігі жыл сайын ауысады. Биыл шамадан аса жауған жауынға қарамай жақсы өсетіні қажет. Шаруа қожалықтарының басшылары осында келіп өздеріне керекті сұрыпты таңдай алады. Ал жалпы ауданда көбіне Омская-36, Астана және Астана-2 тұқымдары өсіріледі.

Ал бұл Амангелді селолық округінде орналасқан “Поляковское” ЖШС-ің егістік алқабы. Шаруа қожалығы 20 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Бұл аудандағы ірі серіктестіктердің бірі. 2 мыңнан астам гектарға бидай сепкен екен. Өткен жылы орақ науқанында егістікте гектар берекелі 30-дан астам центнерді құрап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Биылда сол межені көздеуде.

Павел Чернецский – “Поляковское” ЖШС директоры, Есіл ауданы:


–  Биыл біз алқаптан бір айналымда 3 тоннадай астықты аламыз деген ойдамын. Көктемде Омская-36 тұқымын жерге сіңірдік. Парға 10 пайыз жерді қалдырдық. Бірақ біртіндеп бұдан алшақтаудамыз. Өйткені қазір мемлекет аммофосқа субсидия береді. Көктемгі дала жұмыстарының алдында 50-60 келі тыңайтқышпен өңдеп аламыз. Осының арқасында жерді парға қалдырмай-ақ оңай 2,5-3 тоннадай астықты алуға болады.

“Поляковское” ЖШС дәнді дақылдардан бөлек көкөністе өсіреді. Нақтырақ айтсақ, сәбіз. Бұл іспен айналысып жүргендеріне үш жыл болыпты. Сәбізді ел аумағында саудалайды.

Иван Корнев – “Поляковское” ЖШС бригадирі, Есіл ауданы:

– Биыл 10 гектар жерге сәбіз отырғыздық. Суды жақын маңдағы қазаншұңқырдан аламыз. Ол жерде арнайы станция құрылған. Соның арқасында суаратын машинаға тіршілік көзі жіберіледі. Өткен жылы гектар берекелігі 50-60 тонна болды. Сәбізді отырғызғанда бір механизатор ғана жұмыс істейді. Ол арнайы машинаның көмегімен дән себеді.

–  Өткен жылы Есіл ауданының диқандары 286 мың 600 гектар егіс алқабынан қамбаға 376 мың тонна дәнді дақылды құйды. Гектар берекелігі 19,9 центнерді құрады. Биылда егін бітік шығып, бидай масақтары сарғайған. Енді аудан диқандары оны оруға білек сыбана кіріспек.

Есіл ауданында 82 ЖШС, 210 шаруа қожалықтары бар екен. Енді бұлардың барлығы жаппай орақ науқанына шығып, ауа райы оң қабақ танытса жұмыстың барлығын қыркүйек айында аяқтаймыз деп отыр. Дала күнінің соңында Покровка елді-мекеніндегі Жәлел Қизатов атындағы ауыл шаруашылығы колледжінде семинар ұйымдастырылды. Шаруа қожалықтары жетекшілерінің бастары қосылған жиында алда тұрған орақ науқаны жайында айтылды.

Әбілхан Бижанов – Есіл ауданы әкімінің орынбасары:

– Биыл 286,6 мың га алқаптан өнім жинап алуымыз қажет. Оның 204,7 мың гектары дәнді дақыл, 41,6 мыңы майлы дақыл. 1630-ында картоп және 163 гектары көкөністер.

Жиын соңында Жәлел Қизатов атындағы ауыл шаруашылығы колледжі мен бірқатар серіктестік басшылары меморандум жасасты. Енді шаруа қожалықтары бұл білім ордасына өздерінің жұмысшыларын оқуға тегін жіберіп, кадрларының біліктілігін арттыра алады.

 

Риат Шони