Әр түрлі

Тамыздың 12-сінде Солтүстік жартышарында “Жұлдыз аққан” түн болады

Павел Журавлев, Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика және астрономия пәні мұғалімі:

– Жер комета орбитасымен қиылысқанда кішкентай бөлшектер ауада ұсақталып шашылады. Мұндай кейбір бөлшектер ірілеу болады да көлемі жағынан кейбір планеталармен салыстыруға болады.

Аспаннан аққан бұл жарықшақтарға қарап ғашықтар армандарын айтады, ғалымдар әр жарықты санап зерттеу жүргізеді. Құбылысты астрономдар осыдан 135 жыл бұрын ашқан. Табиғи құбылысты ғалымдар соңғы рет 1992 жылы бақылаған екен. Оларды “Жердің кометаның орбитасына қалай шығатыны” қызықтырып отыр. Бұл күні 60-тан 100-ге дейінгі мөлшердегі жарық жұлдыз жерге ағып түседі. Мұндай көрсеткішті теріскейліктер бүгін түнде 21-ден 21:30дың аралығында тамашалай алады.

Павел Журавлев, Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика және астрономия пәні мұғалімі:

 

– Біз бұл күні шаһардағы жарықтың бөгет келтірмеуі үшін қаланың сыртына шығып көреміз. Қаладан алыстаған сайын ұсақ жарқыншақтарды анық байқайтын мүмкіндік туады. Бірақ аспан бұлтты болып кедергісін келтімесе екен.

Бүгін – жұлдыз ағынының қалың болатын күні. Ал жалпы құбылыс тамыздың 24-не дейін жалғаса бермек.

Акбопе Танирберген