МТРА жаңалықтары

СҚО ағымдағы жылы адамдардың суға бату фактісі біршама азайған

Арслан Хусаинов – СҚО ТЖД азаматтық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары:

– Биыл суда масаң күйде шомылған 8377 адам тіркелген. Олардың барлығына да заңға сәйкес алкогольді ішімдік ішіп, суға түскендері үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Оның жалпы сомасы 71 млн. теңгеден асып отыр. Қазір оқыс оқиғаны болдырмау мақсатында облысымыздың арнайы демалыс орныдарында құтқарушылар күні-түні кезекшілік атқаруда.

Ббиыл құтқарушылардың көмегімен 47 адам су ажалынан аман қалды. Ал тағы 34-іне медициналық көмек көрсетілген. Ағымдағы жылы облыста суға бату фактісінің 16 оқиғасы тіркеліпті. Оның 5-уі балалар.

Виктор Держанский – СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы бастығының орынбасары:

– Суға кеткендердің 3-уі балық аулау кезінде, 8-і шомылу барысында батып кеткен. Ал 5 баланы үлкендер бақылаусыз суға түсуге жіберген. Оқыс оқиғаның дені облыс орталығында орын алған. Петропавлда 8 адам қаза болды. Оның 2-уі бала. Ал Тайынша ауданында жан түршігерлік оқиғаның 5-уі тіркелген.

Сондай-ақ, брифингте өрт қауіпсіздігі туралы да айтылды. Қазір өңіріміздің 500 мың гектарын орман алып жатры. Бұл аймақта 47 лагерь мен арнайы демалыс орындары бар. Бүгінде бұл аумақты 12 мемлекеттік орман отрядтары ғарыштан бақылап отырады.

Денис Шуваев – СҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы:

 


–  Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, биыл өңірде 2 өрт оқиғасы тіркелді. Ол ағымдағы жылдың мамырында Айыртау ауданының Орлиногорск орман шаруашылығында болды. Және дәл осы шаруашылықта маусымның 10-ы күні тағы да қызыл жалын 0,08 га жерде орын алған. Бірақ шығын жоқ.

Қазір құтқарушылар егін орағы науқанына дайындалу үстінде. ТЖД қызметкерлері ауыл шаруашылығы саласында өртті болдырмау мақсатында профилактикалық кездесулер ұйымдастырып, қожалық иелеріне дала жұмыстарын жүргізу кезінде сақ болуды ескертпек.

Айгерим Ержанова