МТРА жаңалықтары

Сәби жәрдемақысын интернет порталы арқылы рәсімдеуге болады

Бұрын бұл үрдісті жүзеге асыру үшін ата-ана баласының туу туралы куәлігі, төл құжат, мекен жай туралы анықтама сынды бір бума құжатты алып Халыққа қызмет көрсету орталығына баратын. Кезек күтіп, бір сағаттың ішінде әйтеуір жұмысын аяқтайтын. Ал бүгін Әсел Есімсейітова бұл рәсімді Egov.kz сайтындағы электронды үкімет порталы арқылы 5 минутта жүзеге асырды. Биыл енгізілген жаңашылдық нәзікжандының көңілінен шықты.

Әсел Есімсейітова:


– Өте ыңғайлы екен. Балаға тиесілі жәрдемақаны алуға бұрын құжат тапсыру деген шешілмес мәселедей көрінетін. Оған шыны керек бір күнімізді әдейілеп арнайтынбыз. Қазір міне парталға кірдім. Өтініш беру үшін ата-ананың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы шарт. Одан кейін, жаңа туған нәрсте мен өзге балаларыңыздың туу туралы куәлігінде көрсетілген жеке нөмірді және ақша аударылып отырылуы тиіс есеп шотты жазу керек.

Көрсетілген пәрмендер орындалғаннан кейін өтініш жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдайтын Әлеуметтік төлемдерді ведомствааралық есептеу орталығына автоматты түрде жіберіледі.

Арман Жамуков, СҚО бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомствааралық есептеу орталығы» департаменті директорының орынбасары:

 


– Жыл басынан бері Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы арқылы 116 мың балаға тууына берілетін жәрдемақы және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемақы тағайындалған. Оның ішіндегі 656-ін ата-аналар өздері әлеуметтік төлемдер порталы арқылы жүзеге асырған.

Айта кетейін, бүгінгі күні Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 530 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оның 315-і өзіне-өзі қызмет ету, яғни интернет порталы арқылы жүзеге асады.

Акбопе Танирберген