Құқық қорғау органдары

“Скутер” жедел алдын алу шарасының алғашқы күнінде 328 жүргізушісі жол қауіпсіздік ережесін бұзды

Рустам Хабибуллин – СҚО ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полиция батальонының қызметкері:

– Ұсталған азаматтың арақ ішкендігін дәлелдеу мақсатында оны Мамлют аудандық орталық ауруханасына апарды. Күдігіміз расталды. Матациклді мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырдық. Ол 20 тәулік қамауға алынуы мүмкін.

Жергілікті полиция қызметі «Скутер» жедел алдын алу шарасын облыс орталығында жиі өткізуде. Себебі мотокөліктердің қатысуымен болатын жол көлік апаттарының басым көпшілігі шаһарда орын алады екен.

Шамшиден Ақышов – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары:

– Операцияның алғашқы күнінде 33 скутер жүргізушісі ұсталды. Оның 6-уы мотокөліті мас күйінде басқарған. Біз қазір скутер иелерінің арасында қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп жатырмыз.

Мотокөлік иесі Леонид Коваленко скутер көлігін жүргізгенде қорғаныс киімдерін киген дұрыс дейді.

Леонид Коваленко – скутер жүргізушісі:

– Жол ережелерін сақтаймын. Құжаттарымды өзімен алып жүремін. Жолда көлікті басқарғанда басыма каска киіп аламын.

“Скутер” жедел алдын алу шарасының алғашқы күнінде 300-ден астам өңір тұрғыны жол қаіпсіздік ережесін бұзған. Оның 14-і мотоциклді масаң күйде басқарыпты.

 

Берік Қасен