Қоғам

“Саланг” әскери-патриоттық клубы “Серебряный бор” жазғы демалыс орнында демалушы балалармен кездесті

Яғни, ата-бабаларымыздың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұрыста қолданған дүниелері. Осы баға жетпес жәдігерлердің барлығын да “Саланг” әскери-патриоттық клубының мүшелері іздеп тапқан. Бүгінде осы тарихи мұралармен танысуға “Серебряный бор” жазғы сауықтыру лагерінің демалушылары да мүмкіндік алды.

Александр Азегов, “Саланг” әскери-патриоттық клубының жетекшісі:

– Біз ұрыс даласында шайқасқан майдангерлердің тұрмыс жағдайымен кеңінен танысамыз. Олардың қалай және кіммен тартысқанын, не киіп, не жегенін зерттеп, қазба жұмыстарын жүргіземіз. Табылған дүниелерді өзіміздің мұражайға жинақтаймыз. Осы жолғы іздестіру шаралары кезінде ерекше жәдігер таптық. Ол – 80 жылға жуық жер астында сақталған артиллериялық минаны сақтайтын және оны тасымалдайтын құрал.

Осыдан бөлек, “Саланг” тобының мүшелері жазғы демалыс орнында тынығып жатқан балаларға өздерінің әскери дайындықтарын көрсетті.

Олар шапшандық пен ептілікті қажет ететін түрлі жаттығулармен балғындарды таң қалдырды.

Наурызбай Кеулінжанов:


– Бүгінгі шара маған қатты ұнады.Әсіресе, әскери жаттығулар мен әскери дайындықтар.Мен болашақта әскери адам болғым келеді.

Анастасия Никонова:


–  Маған қыз балалардың алысқан жерлері қатты ұнады. Мен де олар секілді осындай амал-тәсілдерді үйреніп алғым келеді. Өйкені, болашақта пайдасы тиеріне сенемін.

Қазіргі таңда “Саланг” әскери-патриоттық клубында 25 ұл-қыз бар. Олар-өз кезегінде, соғыс жылдары із-түссіз жоғалған 1 мыңға жуық азаматтардың есімдерін анықтауға септескен.

Тоғжан Ақмағамбетова