Спорт

Петропавлда “Мен спортты таңдаймын” акциясы өтуде

Оларды алдағы уақытта спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатына түсіп, шеберліктерін осында шыңдауға дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин шақырды.

Руслан Есеналин – СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

–  Біз мұнда өңір аудандарынан 6-шы сыныпты аяқтаған 70 баланы жинап отырмыз. Сіздер спортқа дарынды  тұлғасыздар. Осында конфедерацияға енетін спорт түрлерін көрсетіп, шеберліктеріңді шыңдауға білікті бапкерлер ат салысуда. Алдағы уақытта бұл білім ордасында оқып, ары қарай биік белестерді бағындырасыңдар деген үміттемін. Ол үшін барлық жағдай жасалған.

Мехриддин Әлімқұлов Қызылжар ауданындағы Новокаменока елді-мекенінен келіп отыр. 12 жастағы жасөспірім еркін күреспен айналысады екен. Ол 35 келі салмақ дәрежесінде облыс чемпионы да атанып үлгерген. Енді келешекте осы интернатқа түсіп, білімін ары қарай жалғастырмақ ниетте.

Мехриддин Әлімқұлов:

Мен күреспен 6 жыл бойы айналысып келемін. Алдағы уақытта осы білім ордасына түсіп, өзімнің шеберлігімді шыңдағым келеді. Сонымен қатар олимпиадаға қатысуды мақсат етіп отырмын.

Кездесу соңында жас өрендерге конфедерацияға енетін 5 спорт түрлері бойынша шеберлік сыныбы көрсетәлді. Өз ісінің жілігін шағып майын ішкендердің арасында еркін күрестен спорт шебері Екатерина Фирстова да бар. Нәзік жанды жақын арада Грузия елінде өтетін әлем чемпионатына аттанбақ.

Екатерина Фирстова – еркін күрестен спорт шебері:

-Мен интернатқа 2014-ші жылы түстім. Осында жаттықтым, шеберлігімді шыңдадым. Жуырда Якутияда өткен “Азия балалары” додасына қатысып, топ жардым. Енді әлем чемпионатында да осы ерлігімді қайталаймын деген ойдамын.

Жалпы облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатына оқушыларды қабылдау науқаны тамыздың 22-24 аралығында өтеді. Биыл мұнда 50 бала түсе алады.

 

Риат Шони