Білім

Мемлекеттік бағдарламаның арқасында көп солтүстікқазақстандық тұрақты жұмыс табуда

Осының салдарынан басым көпшілігі бастапқы ойынан айнып қалуы мүмкін. Сондықтан олардың алғашында аз-маз тәжірибе жинақтауына мемлекет мүмкіндік жасап отыр. Түлектер дипломында көрсетілген мамандығына сәйкес “Жастар тәжірибесі” бағдарламасы бойынша кез-келген кәсіпорында 6 ай тағылымдамадан өтуге құқылы.

Татьяна Бондарь – Тайынша аудандық жұмыспен қамту орталығы директорынының міндетін атқарушы:

– “Жастар тәжірибесі” -не қатысушылардың еңбек құқықтары толығымен қорғалады. 6 айдың ішінде оларға 28 мың теңге жалақы төленеді. Оған қоса жинақтаушы зейнетақы қорына жарна аударылып тұрады. Сондай-ақ 6 ай тәжірибесі еңбек кітапшасына жазылады.

Биыл Тайынша ауданында 26 адам “Жастар тәжірибесі” бағдарламасының қатысушысы атанған. Біразы әлеуметтік қызметші, бағдарламашы дипломының иегерлері. Араларында аспаздар да бар. Соның бірі – Анастасия Пробст қазір Тайынша аудандық орталық ауруханасында тәжірибе жинақтап жатыр.

Анастасия Пробст – “Жастар тәжірибесі” бағдарламасының қатысушысы, Тайынша ауданы:

– Мемлекет қолдауымен біліктілігімді шыңдауға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Мұнда білікті аспаздардан науқастарға арналған жеңіл, дәруменге бай тағамдарды әзірлеуді үйреніп жүрмін. Дайындалған асты негізінен операциядан кейін ағзасы әлсіреген ем алушыларға береміз. Үнемі өз ісіме қызығушылық танытып отырамын. Осыны байқаған тәлімгерлерім қабілетіңді көрсете алсаң, осында жұмысқа аламыз дейді.

Мұндағы білікті аспаздар қанша жас келсе де үйретуден жалықпаймыз дейді.

Алмагүл Махметжанова – Тайынша аудандық орталық ауруханасының аспазы:

– Қазір тәжірибесіз жұмысқа орналасу қиын. Қолымыздан келгенше жастарға бар білгенімізді үйретеміз. Қазіргі жастар өте ынталы, тәртіпті.

Бұдан бөлек “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға болады. Бір жылы көлемінде еңбеккер жалақсының 65 пайызын жұмыс беруші өз қатасынан шығарса, қалған 35 пайызы ел қазынасынан төленеді. Осылайша, 12 айдан кейін ол азамат тұрақты жұмысқа ауыстырылады.

Гүлнар Шаймерденова – СҚО Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының бөлім жетекшісі:


– Жыл басынан бері әлеуметтік жұмыс орындарына 268 солтүстікқазақстандық орналастырылды. Биыл колледждер мен университеттерді тәмамадаған 349 түлек “Жастар тәжірибесі” бағдарламасы бойынша кәсіпорындарға 6 айлық тағылымдамадан өтуде.

Үстіміздегі жылы “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы аясында бөлінген қаражатқа өңірдің 5 ауданында алты жатақхананың құрылысы басталып кетті. Ал Аққайың ауданында 5 бірдей жер үй тұрғызылмақшы. Аталмыш нысандар түрлі кәсіпорындарда еңбек етіп жатқан жастарға беріледі.

Берік Қасен