МТРА жаңалықтары

Жыл басынан бері солтүстікқазақстандықтарға 38 000 астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді

Дәлірек айтқанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыра түсу үшін қағаз жүзіндегі құжаттар біртіндеп электрондық форматқа ауыстырылып жатыр.

Бұл жемқорлықтың алдын алып, азаматтардың алтын уақытын үнемдеуге сеп болады. СҚО Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Кактай атқарылған шаруа туралы депутаттар мен халық алдында есеп берді.

Руслан Кактай – СҚО Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Облыстық әділет департаментімен үстіміздегі жылдың 7 айы ішінде 36 мыңнан артық жылжымайтын мүлік аккредитацияланды. Оның 4 500-і электрондық форматта орындалды. Бүгінгі күні облыс тұрғындарына 38 000 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ, биыл 1000 заңды тұлғаның 300-і әділет органдарына тіркелу кезінде электрондық нұсқаны таңдапты.

Осы күні “100 нақты қадам” ұлт жоспарында көрсетілген “Жеке сот орындаушылар институтын дамыту” тапсырмасы облысымызда орындалып жатыр.

Руслан Кактай – СҚО Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Бүгінде мемлекеттік сот орындаушыларының санын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазір жеке сот оррындаушылардың саны 42-ге жетті. Олар өңір аудандарында қызмет етеді.

Есептік жиында жылжымайтын мүлікті тіркеуге қатысты көп сұрақ қозғалды. Әсіресе осы салаға әбден маманданып, тұрғындардың сеніміне кіріп, пәтерлерді сатумен айналысатын алаяқтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жағы айтылды.

Берік Қасен