Құқық қорғау органдары

Теріскейде соңғы 7 ай ішінде жол-көлік апатына душар болған балалардың саны 24-% азайған

Мұнда қаламыздың ғимараттары мен жолдарының макеті ғана емес, жеңіл автокөліктері мен темір жолы бар, олардың қозғалысын реттейтін бағдаршамдары да бар. Міне, бүгінде осы қолдан құрастырылған оқыту құралы балаларға жолдағы қауіпсіздікті сақтауды ойын түрінде үйретуде. Бүгінде бала-бақша ұжымының бастамасын тәртіп сақшылары да қолдап отыр.

Әсия Абжанова – СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің инспекторы:

– Бүгінгі шараның басты мақсаты балалардың жолда жүру ережелерін сақтап, жол-көлік апатынан туындаған оқыс оқиғалардың алдын алу. Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру қажет.

Балабақша тәрбиеленушілері осында көлік жүргізіп, мәз мейрам. Өйткені, ойнау арқылы олар жолда жүру тәртібін үйреніп алған. Балғындар жол белгілерінің түрлерімен, олардың атқаратын қызметімен таныс.

София Молодовская – “Алтын бесік” балабақшасының тәрбиеленушісі:

– Бүгін біз бағдаршам күнін атап өттік. Бізде кәдімгі бағдаршам бар. Сол бағдаршам бойынша біз велосипед және самокатпен жүреміз.

Жалпы теріскейде соңғы 7 ай ішінде жол-көлік апатына душар болған балалардың саны 24 % , ал зардап шеккендердің саны – 30 % кеміген.

Тоғжан Ақмағамбетова