МТРА жаңалықтары

СҚО Ерік Сұлтанов кәсіби мерекелері қарсаңында өңір құрылысшыларын құттықтады

Тағы жыл соңына дейін 1000 нан астам пәтер мен аудан жастарына арналып, 6 жатақхана бой түзейді. Қазір құрылыс материалдарын өз өңірімізде өндіру қолға алынды. Бұл да аталған сектордың табысты дамуының бір айғағы. Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиынды ашқан аймақ басшысы Ерік Сұлтанов 25 жылда атқарған кәсіп иелерінің еңбегі өлшеусіз деді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында қол жеткізген жетістіктерге құрылысшылардың қосқан үлесі ерекші. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында өңірімізде әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеруде.

Салтанатты жиында бір топ азамат ұзақ жылғы адал еңбегі, осы саланың дамуына қосқан қомақты үлесі үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатын алды. Араларында еңбек ардагерлері де бар.
Қазыбек Сыздықов 40 жыл Ақжар ауданынынң дамуына үлес қосқан жандардың бірі. Кезінде салған үйлерімді көріп, кеудемді қуаныш кернейді дейді ол.

Қазыбек Сыздықов – еңбек ардагері, Ақжар ауданы:

– Қазір Ақжар ауданында көп үйлер салыпы жатыр. Соған қарап қуанамын. Мен жастарға сенемін. Олар білімді, өз ісін жақсы біледі.

Ал Амангелді Бейсенов бойымда күш-қайратым барында ел игілігі жолында қызметімді жалғастыра беремін дейді. 30 жылға жуық еңбек өтілі бар жерлесіміз қаладағы бірнеше көпқабатты үйлерді тұрғызуға ат салысқан.

Амангелді Бейсенов – “Казградстой-НС” ЖШС шатыр жабушы-бетондаушы:

– Соңғы 5 жыл бойы “Казградстой-НС” компаниясында жұмыс сітеп жүрмін. Осы мерзім аралығында 3 көпқабатты үй тұрғыздық, тағы соншасын алдағы жылдарда көтереміз.

Үйдің іргесін қаламас бұрын оның жобасын жасап, үлгісін қағаз бетіне түсіріп алу тиіс. Бұл жұмысты қаламызда 14 жыл бойына Асылбек Ғабдуллин атқарып келеді екен. Бүгін оның да жұмысы елеусіз қалмады.

Асылбек Ғабдуллин – “Севгражданпроект” ЖШС инженер-жобалаушысы:

– Сызу жұмыстарында аса ыждахатылық пен математиканы жақсы білу керек. Менің жобаларым “Береке” шағын ауданындағы және ауданда салынған үйлерге қолданылды.

Осы күні жол құрылысшылары, ТҮКШ-ғы саласының мамандарына Автомобиль жолдары комитетінің және Инвестиция және даму министрлігінің Алғыс хатына ие болды. Мереке иелерін ән- биімен өңір өнерпаздары да қуантты.

Берік Қасен