МТРА жаңалықтары

Петропавлда спорт алаңдарының саны арта түсті

Валерий Евдокименко- Петропавл қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы:

– Мына алаң көпсаласы болғандықтан өте ыңғайлы, Онда футбол, волейбол және баскетбол ойнауға болады. Олар алаң үстіндегі түрлі түсті сызықтармен ажыратылады. Оның үстіне бұл жасанды жабындыдан жарақаттанбайсың. Заманауи алаңға қазірдің өзінден адамдар көптеп келеді.

Мұнда тренажерлар да орнатылған. Айта кету керек, оларды жергілікті «Стронг сервис» кәсіпорыны жасаған. Сапасы өзгелердікінен еш кем түспейді. Бұл алаңның құрылысына 13, 8 млн теңге қаржы жұмсалыпты.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

– Өңірде 2 жыл ішінде біз 172 хоккей кортын жасадық. Соның 13-і Петропавлда орналасқан. 200 футбол алаңы тұрғызылды. Бұл бағытта жұмыстар әлі де жалғасады. Сондықтан спортпен көптеп шұғылдану керек.

Қазірдің өзінде мұнда спортқа ден қойған балғындар келіп, жаттығу өткізеді. Бүгіндері алаңды қоршау жұмыстары жүргізілуде. Ал мынау – скейт-парк. Қаланың әуесқой балаларының өтінішімен тұрғызылып, бүгін пайдалануға беріліп отыр. Бірнеше апта ішінде 2 квотер мен 1 фан-бокс орнатылған. Бұл трамплиндерде балалар велосипед, самокат және скейдбортпен сырғанап түрлі трюктарды орындайды. Мұндай спорт түрі ВМХ деп аталады. Алаңды құруға қалалық қазынадан 10 млн теңге жұмсалған.

Андрей Ширкалов, велосипед спорты бойынша ОРБЖСМ жаттықтырушысы:

– Қаламызда осында скейдпарктің құрылғанына өте қуаныштымыз. Бұрын соңды бізде мұндай саябақ болған жоқ. Балалардың өтінішін орындаған әкімдіктегілерге алғысымыз зор. Петропавлда әуесқой ВМХ-шілер өте көп. Олар осындай қолдаудың арқасында кәсіби спортшыға айналады.

Семей қаласында тұратын Данил Смолякав жаз шыққан бойда Петропавлдағы әжесіне келеді екен. Жазғы демалысын облыс орталығында қызықты өткізуге тырысады. Ол, ВМХ сапортымен екінші жыл айналысып жүр. Сондықтан, скейд-парктің ашылғанына дән риза.

Данил Смоляков:

– Досым екі жыл бұрын дәл осы ВМХ велосипедін сатып алды. Біршама уақыттан кейін түрлі трюктарды меңгерді. Қызығып, мен де айналысуды жөн санадым. Бірнеше рет аяғымды зақымдап алдым. Сонда да, спорт түріне деген құлшынысым зор. Қауіпті болғанымен қызықты.

Скейд-паркпен танысқан өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов балалар қауіпсізігінің басты назарда болатынын айтты.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

– Балалар кешкі уақытқа дейін осы жерде жаттығады. Сондықтан жарықпен қамту керек. Олардың қауіпсіздігін тәртіп сақшылары қадағалайтын болады. Бұл ретте арнайы полиция модулі орнатылады.

Бұдан кейін облыс әкімі “Демалыс және Мәдениет” саябағындағы тренажерлар орнатылған маңының жаңғыртылуымен де танысты. Мұнда жаңбырды сіңіретін жұмсақ материал төселіп жатыр.

Магжан Ахмадина