Құқық қорғау органдары

Жыл басынан бері СҚО-да іздеуде жүрген 80 адам мен 50 қылмыскер көше қаңғыбастарының арасынан табылды

Руслан Әлібаев – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ қабылдау-тарату орнының бастығы:

– Біз көше қаңғыбастарының арасынан қылмыстық іске қатысы бар немесе із-түссіз жоғалып кеткен тұлғаларды анықтаймыз. Саусақ таңбаларын алып, фото-бейне түсірілім жасаймыз. Мұның барлығы алдағы жұмысымызда қажет болып қалады. Облыс аумағында 342 адамның тұрғылықты мекенжайы жоқ. Оның 150-і облыс орталығында жүр.

Екі күн ішінде қабылдау – тарату орнына 80 көше қаңғыбасы жеткізілді. Олардың басым көпшілігі ішімдікке салынған.

Петр Дьяченко – тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлға:

– Сейчас пока не работаю. Собираюсь благоустроиться. Договариваюсь, человека жду.

Көше кезгендердің арасынан тәртіп сақшылары Қызылжар ауданынының 37 жастағы тұрғыны Константин Исыповты тапты. Оны туысқандары біраз уақыт таба алмай жүрген көрінеді. Сондай-ақ, екі адамның қылмыс жасағандығы анықталды. Жалпы жыл басынан бері полиция өкілдері іздеуде жүрген 80 адам мен 50 қылмыскерді тапты.


Берік Қасен