Білім

“Өрлеу” біліктілікті арттыру институтында педагогтарды 12 жылдық білім беру моделіне көшуге даярлауда

Ол Тайынша ауданындағы Аймақ негізгі мектебінде орыс тілі пәнінен сабақ береді. Еңбек өтілі 44 жыл. Білікті ұстаздың айтуынша мектеп табалдырығын енді аттайтын оқушыларға жаңа жүйемен білім беруде мұғалім әрдайым жетекшінің міндетін атқарып отыруы керек.

Болат Әлиев – Аймақ негізгі мектебінің мұғалімі, Тайынша ауданы:

– Жаңа бағдарлама оқушыларға кішкен қиындау болады. Сол себепті мұғалім жетекші болуы керек. Біз мұнда негізгі төрт бағытпен таныстық. Енді осы дағдылар бойынша жұмыс істеп, тиісті білімді жеткізуіміз қажет.

Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары 1 жұмадан 4 аптаға дейін жалғасады. Ол мұғалімдердің қай пәнді оқытатынана байланысты. Жалпы 29-шы ақпанда басталған дайындықтан бүігінде өңірдің 1469 ұстазы өткен. Олар енді 1-ші қыркүйекте мектеп табалдырығын енді аттайтын оқушыларға жаңа білім беру жүйесі бойынша сабақ береді.

Мархаба Қуантаева – “Өрлеу” БАҰО АҚФ СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің БАИ:

– 1469 мұғалімнің 46 пайызы мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде жұмыс істейді, 61 пайызы шағын жинақталған білім беру ошақтарының мұғалімдері, ал ауылдықтар 76 пайызды құрайды.

12 жылдық білім беру жүйесімен тек биыл 1-ші сыныпқа келген оқушылар ғана оқитын болады. Сәйкесінше бұл жаңашылдық біртіндеп орта буынға да ауысады. Жалпы 2016-2017-ші оқу жылында өңір бойынша 715 сынып комплектісі тың жүйемен оқитын болады. Ал біліктілікті арттыру курстары тамыздың 12-і аяқталады.

 

Риат Шони