МТРА жаңалықтары

Петропавлдық қарт майдангер С.Пресняковтың кітабы оқырманға жол тартты

Сәуле Мәлікова, СҚО мемлекеттік архивінің директоры:

– Үйіндегі жеке архивінде көптеген материалдар бар. Бүгінгі кітабы 4 ғасырлық қызылжар өңірінің тарихын қамтыған.

Кітап Жоңғар шапқыншылығын қа қамтыған. Солтүстік Қазақстан жерінде өткен көтерілістердің бүге-шүгесіне дейін баяндалған. Келесі тараудан Абылай хан мен Кенесары батырлардың ел бүтіндігін сақтау мақсатында жүргізген саясаты жайында да автордың көп ізденгенін байқауға болады. Ұлы тұлғалар жайлы бұл материалды Сергей Михайлович 25 жыл бұрын «Степной маяк» газетіне жариялаған екен.

Алла Нургалиева, С. Пресняковтың жұбайы:

– Бірінші мақала 1991 жылы жарық көріпті. Дәл осы уақытта Сергей Михайлович Абылай тақырыбын қаузап бастады. Оның сол кездегі Абылай хан жайлы жазғандары бүгінгі ғалымдардың зерттеуімен сәйкес келеді. Айтайын, дәл осы кітапқа ол кісінің Бірінші Дүние жүзілік соғыс жайлы жазған мақаласы да енгізілді. Оған солтүстікқазақстандық боздақтардың қатысқаны жайында мәліметтер бар. Ал, бұл көпшілікке мәлім емес.

Автор еңбегін Ұлы Отан соғысы тақырыбымен аяқтаған. Ұлы жеңіске қосқан теріскейлік солдаттардың үлесі мен нақты статистикалық мәліметтер келтіріліпті. Әр ауданнан аттанған боздақтардың саны да тайға таңба басқандай көрсетілген. Бұл үшін өзінің жеке қорынан бөлек Облыстық архивті көп ақтарған. Айту керек, кітаптың жақында тағы 400 данасы басылып өңірдегі білім ордаларына тартылатын болады.

 

Акбопе Танирберген