Балалар

2017 жылы Астанада өтетін “Ехро” халықаралық көрмесінде қызмет етуге СҚО-дан 220 жас ерікті ретінде тартылмақ

Мұса Танақұлов – «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– 3 кезеңнен тұратын модульдік оқу жүйесі бойынша еріктілер 2017 жылы елордада өтетін халықаралық жиынға дайындалады. Тегін тренингтерге қатысып, психологиялық дайындықтан өтеді. Сонымен бірге, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылармен ағылшын тілі мен Қазақстан тарихынан қосымша сабақтар алады.

Халықаралық көрме кезінде еріктілердің жататын орны мен тамақтандыруға жұмсалатын барлық шығынды «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы өтейді.

Тимур Жұманов – СҚО Жастар бастамалары орталығының директоры:

– 2015 жылдың соңынан бастап біз еріктілерді іріктеудің 2 кезеңін өткіздік. Алдағы уақытта қатысушылар көрмеге қызу дайындық үстінде. Олар, бас қалада 3 ай бойы тұрады. Ерік білдірушілер күндізгі, кешкі және түнгі ауысымдар бойынша жұмыс жасайды. Әр ауысымда 1500- адам болады.

18 бен 60 жас аралығындағы жұршылықты еріктілер қатарына қабылдау шаралары қыркүйек айына дейін жалғасады. Ол үшін үміткер ағылшын тілін жетік біліп, тарихымыздан хабары болуы тиіс.

Тоғжан Ақмағамбетова