Құқық қорғау органдары

Заманауи қондырғылар тәртіп сақшыларына құқықбұзушылықты анықтауға үлкен септігін тигізуде

Бұндай қондырғы қазір барлық қызметкерде бар. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметінің жұмысана енгізілген тағы бір жаңашылдық ол газ талдауышты қолдану болып отыр. Оның көмегімен жүргізуші мінген көліктің ауаға тарататын газының мөлшерін анықтауға болады.

Алиш Жұмағұлов – СҚО ІІД ЖПҚ бөлімшесінің бастығы:


–  Бұл құрылғылардың көмегімен 18 құқықбұзушылық анықталды. Біздегі газ талдауыштардың барлығы сертификатталған, арнайы тексерістерден өтті. Алдағы уақытта да өз қызметімізде пайдаланатын боламыз.

Ал көліктің терезесіне жапсырылған тонировканың пайызын анықтауға арналған құрылғы қолданысқа берілген күннің өзінде үш бірдей құқықбұзушы тіркелді. Техникалық регламентке сай машинаның алдыңғы және де қырындағы әйнектерде жарық өткізгіштік 70 пайыздан төмен болмауы шарт. Жыл басынан бұндай 800-ден астам құқықбұзушылық анықталған. Айта кету қажет, жолда заңбұзушылық жасағандар айппұлды жылдам өтей алады.

Алиш Жұмағұлов – СҚО ІІД ЖПҚ бөлімшесінің бастығы:


–  Терминалдарды енгізу айппұлдарды төлеу рәсімін біршама жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлыққа жол беруді азайтады. Қазіргі таңда өңірде 15 POS-терминал бар. Тұрғындар солар арқылы айппұлды жылдам өтей алады.

POS-терминалдар бақылау-өткізу пунктары мен облыс орталығындағы барлық автопатрульда бар. Яғни, құқық бұзған жүргізуші дәл сол жерде айыппұлын өтей алады. Егерде қалтаңызда банк карточкасы болса әрине.

Азамат Түлендинов – Петропавл қаласының тұрғыны:

 


– Әрине ыңғайлы. Анда-мында шапқылап жүрмей-ақ, айппұлды жылдам төлеп кете бересің.

Айта кету қажет, құқық бұзған жерде қарызын өтейтіндердің айппұлы 50 пайызға дейін қысқарады.

Риат Шони