МТРА жаңалықтары

Техникалық реттеу, метрология және сапа менеджменті саласындағы мамандардың біліктілігі артырылуда

Оның бәрін техникалық стандарттар реттейді. Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кіргелі одаққа мүше елдер арасында құжаттар қабылдана бастады. Солардың бірі Кеден одағының техникалық регламенттері. Қазіргі таңда елімізде одақ елдеріне ортақ 35 регамент қабылданып, күшіне енді. Сондай регламенттің бірі “Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы”

Марат Ахметов – Петропавл ауыр машина жасау зауытының стандарттау бойынша инженері:

– Біз өндіріс орындарында халықаралық стандарттарды тиімді пайдалану арқылы сапалы өнімге қол жеткіземіз. Айтар болса, қазір Петропавл ауыр машина жасау зауытының өнімін Қазақстандағы кәсіпорындардың барлығы пайдаланады. Кеден одағындағы стандарттарды енгізу арқылы біз өнімді екі есе қауіпсіз етеміз.

Марат Ахметовтен өзге оқыту семинарына бизнес-қауымдастық, өндіруші кәсіпорындар мен сынақ зертханаларының өкілдері қатысты. Тыңдаушыларға елордалық мамандар техникалық реттеу, метрология және сапа менеджменті саласындағы өзгерістер туралы айтып берді. Және оны күнделікті жұмыс барысында негізге алып отыруға кеңес берді. Себебі кеден одағына ортақ ережелерді ұстану арқылы ғана біз шетелдік нарықта зор беделге ие болып, лайықты орнымызды ала аламыз.

Бейбіт Әбілев – Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаменті бөлімінің жетекшісі:

– Техникалық реттеу және метрология комитетінің комитетінің 2020 жылға дейінгі метрология саласын жетілдіру бағдарламасы аясында 3 күндік семинар өткіземіз. Осы саладағы мамандардың біліктілігін арттырып, оларға жаңалықтарды жеткіземіз. Семинарға Қазақстан стандарттау мен сертификаттау институты мен қазақ метрология ұлттық аккредитациялау орталығының сарапшылары дәрістерін оқиды.

Осындай семинар Петропавлда сәрсенбі және бейсенбіде тегін өтеді. Оған қатысқан тыңдаушылардың барлығы сертификат алады.

Берік Қасен