ТЖ

Теріскейде жыл басынан 16 адам суға кеткен

Мұндай жағалауларда суға түсіп жатқан адам көп, құтқарушы жоқ. Ал, демалушылар болса, қауіпсіздік ережелерін жақсы білеміз дейді.

Оксана Штенгаузер – қала тұрғыны:


–  Кей кезде, рұқсат етілмеген орында шомылып қаламыз. Бірақ та, балаларымызды қатаң бақылауда ұстаймыз. Әрине, өзімізде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз.

Екатерина Гансецкая – қала тұрғыны:


– Біз арнайы жағажайларда суға түсеміз. Қауіпсіздік шараларын әрдайым ұстанамыз. Өйткені, суда әр түрлі қайғылы оқиғалар орын алады.

Айта кеткен жөн, жалпы жыл басынан теріскейде осындай қауіпті аумақтарда 16 адам суға кеткен. Өкініштісі, соның бесеуі балалар.

Сергей Черкасов – СҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушы-басшысы:

– Шомылу маусымы басталғалы бері облыста 40 адам суға батып жатқан жерінен құтқарылды. Оның 14-і – бала. Сол себепті, жағажайға келушілерге айтарымыз шомылу кезінде мұқият болып, қауіпсіздік ережелін сақтаңыздар.

Құтқарушылар осындай рейдтік шараларды жиі өткізіп тұрады. Дегенмен де, сақтық ережелерін тұрғындардың өздері де ұмытпағаны жөн. Жалпы, өңірімізде 40-қа жуық демалыс аймағы және жағажайлар қызмет етеді.

Тоғжан Ақмағамбетова