Билік

Парамен ұсталған облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бұрынғы басшысы 6 жылға сотталды

Шенеунік кәсіпкерлерге мемлекеттің меншігіндегі жылжымайтын мүлікті беріп, тәркіленген мүліктерді заңсыз жүзеге асыру, тексеріске оң нәтиже беру, сонымен қатар, мүліктерді заңсыз заңдастыру үшін бірнеше рет ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды.

Светлана Оралбаева- Петр Дмитриенконың адвокаты:

–  Дмитриенко прокуратурамен процессуалдық келісімге келіп, өз кінәсін мойындады. Олай етпеген жағдайда, оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мерзімі қарастырылар еді. Ал осы келісімге келудің арқасында, қарастырылған жаза мерзімі 6 жылға дейін қысқарады.

Экс басшы парамен ұсталғанынан кейін бір жылдан астам уақыт өтті. Ол түсінікті де өйткені іс- 28 томнан тұрады екен. Енді міне, бүгін Петропавл қалалық сотында Петр Дмитриенкоға қатысты сот үкім шығарды. Ол ҚР ҚК 5 бабы бойынша айыпталып отыр.

Михаил Гусев- Петропавл қалалық сотының судьясы:

–  Жалпы Дмитриенко 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, заңсыз қаржыға келген мүлкі тәркіленеді. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Тағы ол алдағы уақытта мемлекеттік қызметке тұра алмайды.

Бұл отбасына өңірдегі ең қымбат демалыс орны тиесілі. Бірақ тәркілеуге келгенде оның барлығы отбасы мүшелерінің атында болып шықты. Айта кетейік, айыпталушы бір кездері тіпті, Мәжіліс депутаты болған. «Құрмет» ордені мен бірнеше мемлекеттік наградалардың иегері. Енді сотталушының мемлекеттік наградалары қайтарылады. Петр Дмитриенкодан бөлек, осы іске қатысы бар деген тағы екі азамат Даурен Уваисов пен Элдар Сибановқа да сот үкім шығарды. Алғашқысы ҚР ҚК 367 бабының 2 тармағы бойынша 3 млн теңге, ал соңғысы ҚР ҚК 368 бабының 1-ші, 2-ші тармақтары бойынша айыпталып, 10 млн 324 мың теңге айыппұл төлеу керек болады. Олардың мүлкі тәркіленіп, алдағы уақытта олар мемлекеттік қызметке тұра алмайды.

Магжан Ахмадина