ТКШ

Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы басты назарда

Айталық, Гоголь мен Партизан көшелерінің қиылысындағы ескірген желі диаметрі 800 мм полиэтилен құбырларға алмастырылмақ. Жаңғыртылуы тиіс 2 шақырым 227 метр құбырдың бүгіндері 700 метрі төселіпті.

Арман Сауытов- «Қызылжар су» ЖШС техникалық директоры:


–  Бұл жердегі жөндеу жұмыстарына 686 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Егер мына аралықта ашық әдіспен құбыр алмастыру шаралары жүргізіліп жатса, тағы бір алаңда жабық тәсілмен жүріп жатыр. Жалпы осы Партизан көшесінен басталған желі Алматинская көшесіне дейін тартылады.

Мұнда жасалып жатқан шаруаның барысын халық қалаулыларына «Қызылжар су» ЖШС техникалық директоры Арман Сауытов түсіндіруде. Ал осы су құбырының ендігі бір бөлігі нақ «Динамо» стадионында орналасқан екен. Қазір бұл жерде де жұмыс қызған. Көкшетаулық «Инсект» кәсіпорыны нысанды уақытылы, яғни жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Владимир Притчин- облыстық мәслихаттың депутаты:


–  Жұмыстар жобалық-сметалық құжаттар мен кестеге сай жүргізілуде. Еш кемшілік жоқ әзірге. Жалпы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында өңірде 6 жоба қолға алынған. Осыған дейін біз «Оңтүстік» коллекторындағы жөндеу жұмыстарын көрдік. Мердігерлерге құбырларды алмастырғасын, қопарылған жол жабындысын қалпына келтіру керектігін ескерттік.


 

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында өңірде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жақсарту бойынша 6 жоба жүзеге асырылады. Оған 3 млрд 287 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Магжан Ахмадина