Балалар

Александр Винокуров атындағы спорт сарайында солтүстікқазақстандық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін экскурсия өтті

Оларға олимпиада ойындараның жеңімпазы Александр Винокуровтың жетістігі туралы айтылып, спорттың түрлері таныстырылды.

Сергей Мелехов – Александр Винокуров атындағы спорт сарайы басшысының спорттық ғимараттар бойынша орынбасары:

– Осындай шаралардың арқасында мейлінше көп жасты спортқа тартуды көздейміз. Қазірдің өзінде біздің спорт сарайында 13 спорт түрімен айналысуға жағдай жасалған. Олар – жеңіл атлетика, көркем гимнастика, хоккей, мәнерлеп сырғанау, дзюдо, самбо, бокс , таэквандо және тағы басқалары.

Жалпы спорт сарайында 7 жаттығу залы, жеңіл атлетикалық манеж және мұз айдыны бар. Жеткіншектер соның бәрін көріп, тренажер құралдарында да дене жаттығуларын жасады. Ал, экскурсия соңында мұз айдынында коньки тебуге мүмкіндік алды.

Вера Григорьева – Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының тәрбиеленушісі:

– Бүгінгі саяхат өте танымды болды. Маған ең алдымен гір көтеру залы ұнады. Өйткені, мен осы спорт түрімен айналысамын.

Александр Иванов – Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының тәрбиеленушісі:

– Бізге мұз айдынында тегін сырғанауға мүмкіндік бергеніне алғыс білдіремін. Конькиді тебуде бір ғанибет. Мына жерде барлығы әдемі.

Тамыздың 16-ы күні жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін спорт сарайында тағы да осындай шара ұйымдастырылмақ.

Тоғжан Ақмағамбетова