МТРА жаңалықтары

№43 орта мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталды

Роза Саркен – Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектебінің директоры:

– Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020″ бағдарламасы арқылы біздің мектепке 22 млн 656 мың теңге бөлінді. Сәуір айында байқауға қатыстық. Барлығы мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңға сәйкес. Ал мұндағы жөндеу жұмыстары құрылған кестеге сай жүрзілді.

Жұмысты «СантехЭлектроМонтаж» Серіктестігі жүзеге асыруда. 15 адам тер төгіп жатыр. Оның 9-ы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы еңбекке тартылыпты. Жалпы өңірде аталмыш бағдарлама аясында 1000-ға жуық адам екі қалға бір күрек тауып отыр.

Гүлнара Шаймерденова, СҚО жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

 


– Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасының бірінші бағыты бойынша біздің өңірде 67 жоба жүзеге асырылуда. Қазір оның 18-інде жөндеу жұмыстары аяқталды. Жалпы аталмыш бағыт бойынша 900 жұмыс орны пайда болды.

Мердігерлерге спорт залдағы жұмыстарды аяғына жеткізу ғана қалды. Қарқынды жұмыс жасап жатқан олар кешке дейін бұл жерді қалыпқа келтіреміз деп отыр. 10 тамыз күні нысанды арнайы комиссия қабылдап алмақ. Ал, келесі жылы дәл осы білім ұясындағы балалар алаңы мен сумен жабдықтау жүйесін жөндеу жоспарда бар.

Акбопе Танирберген