Спорт

“Қызыл-Жар СҚ” ФК қызылордалық “Байқоңырды” 5-0 қылып ойсырата ұтты

Гол жіберіп алған қызылордалықтар қызбалыққа салына бастады. Шаубылдарын үдеткен алаң иелеріне тойтарыс береміз деп тәртіпті бір емес бірнеше мәрте бұзды. 22-ші минутта төреші 11 метрлік айып добын көрсетті. Бұл нүктеден Сергей Струков мүлт кеткен жоқ.

Теріскейліктер бұнымен тоқтап қалған жоқ. Араға 18 минут салып Бошко Ступич дубль авторы атанды. Осы қарқында алғашқы таймда өз мәресіне жетті.

–  Ойынның алғашқы бөлігі тамаша өтті. Біздің жігіттер жарап-ақ тұр. Осы қарқыннан таймау керек.

–  Теріскейліктер ғажап ойын өрнегін көрсетіп жатыр. Менің ойымша екінші таймда тағы бірнеше гол соғылып, есеп 7-0 болады.

Екінші таймға қос команда да жаңа деммен шықты. Үзілісте бапкердің берген кеңестерін қызылжарлықтар ұтымды пайдаланды. 65-ші минутта қорғаушы Владимир Седельников есепті 4-0-ге дейін жеткізді. Ызаға булыққан қонақтар өрескел тәртіп бұза бастады. Төреші тағы да нүктені көрсетіп, 11 метрлік айып добын белгіледі. Бұл мүмкіндікті қалт жібермеген Бошко Ступич үшінші мәрте Шыңғыс Таңатқановты қапы қалдырып, хет-трик авторы атанды. Осы маусымда 10-шы голын соққан теріскейлік шабуылшы сұрмергендер кестесінде көш бастады. Осылайша 5-0 есебімен “Қызыл-Жар СҚ” командасы “Байқоңырды” ойсырата ұтты.

Бошко Ступич – “Қызыл-Жар СҚ” ФК шабуылшысы:

 


–  Ойын аса ауыр болды деп айта алмаймын. “Байқоңыр” командасы екінші турнирлік кестеде 9-шы орында тұр. Оларды қалпақпен ұрып алуға міндетті едік. Ол қолымыздан келді. Дегенменде, жас ойыншылардан жасақталған қызылордалықтар соңына дейін таласты. Сәттілік біздің жақта болды.

Қоржындарын кезекті үш ұпаймен толықтырған теріскейліктер турнирлік кестеде екінші орында тұрақтап тұр. “Қызыл-Жар СҚ” өзінің келесі ойынын тамыздың 27-28-і аралығында өткізеді. Қарсыласы әлі белгісіз.

 

Риат Шони