Спорт

Петропавлда велошосседан республикалық көпкүндік жарыс жалауын желбіретті

Дмитрий Носков – жарысқа қатысушы, БҚО:

 


–  Мен велоспортпен 4 жыл бойы айналысып келемін. Қазір 68-шы нөмірде жарыс жолына шығатын боламын. Бұған дейін ірі сайыстарға қатысып, көптеген жүлделердің иесі болғанмын.

Республикалық бұл додаға 14 команда, 85 велошабандоз қатысуда. Олардың барлығы жеңістен дәмелі. Бірақ алдымен спортшылар белгіленген 25 шақырымды жүріп өтулері қажет. Басты міндет – межеге топпен келу.

Владимир Парахин – велосипед спорты бойынша ОРБЖСМ директоры:


–  Бүгін спорт шебері Алексей Мартыновичты еске алуға арналған республикалық велокөпкүндігі бастау алып отыр. Жарысқа еліміздің 7 өңірінен 85 жас спортшы қатысуда. Байгенің бірінші күні командалық, ал ертең топтық сайыс бойнша бақ сынасатын болады.

Байрақты бәсекеге жергілікті спортшылардан өзге Батыс пен Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жастары да қатысуда.

Аблайхан Сихымбай – жарысқа қатысушы, ОҚО:


–  25 шақырым қашықтықты жүріп өттік, жалпы жарыс оңай болған жоқ.

Жарыс 10 тамызға дейін жалғасады. Жеңімпаздар дәл осы күні Александр Винокуров атындағы спорт сарайында марапатталатын болады.

 

Айсулу Сергали