Құқық қорғау органдары

Петропавлда 28 жасар азамат 15 саяжайды тонаған

Роман Бабкин – саяжайшы:


–  Саяжайдың тоналғанын күзетшіден естідім. Әйелім екеуіміз бірден келдік. Барлығы шашылып жатыр. Ең бағалы деген заттарымызды әкетіпті. Оның ішінде достарым сыйға тартқан самауырын да кетті.

Жедел іздестіру шарасы кезінде 28 жасар күдікті ұсталды. Белгілі болғандай ол құнды заттардың барлығын қолды қылып, саудалаған.


– Залазил на дачу и совершал кражу. Взламывал домик и воровал оттуда вещи. Инструменты, в основном.


– Наркотики употребляете?


– Да, героин.


– Как давно?


– Восемь месяцев.

Күдікті ұрлықты жалғыз өзі жасаған. Жымқырған заттарды баукеспе облыс орталығына тасып отырыпты.

Данияр Қасымов – Петропавл қаласы ІІБ криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілі:

 


–  Күдікті өз пәтерінде ұсталды. Сондай-ақ ұрланған бірнеше зат та пәтерінен табылды. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс жүргізілуде.

Айту керек, күдікті деп танылған қала тұрғыны бір өзі 15-ке жуық саяжайды тонаған.

Айгерим Ержанова