МТРА жаңалықтары

И.Шуховтың 110 жылдығына орай туған жерінде ғылыми-практикалық конференция өтті

Елена Колесникова- И.П. Шухов мұражай үйінің экскурсоводы, Жамбыл ауданы:

 


–  Ол жергілікті жердегі «Ударник» газетінде редактор болды. Тағы осы үйде отырып, «Сібір казактарына хат» атты очерктері мен бірталай шығармаларын жазды. Ол туындылары шет тілдеріне аударылды. Осы жердің табиғаты оған ерекше әсер ететін. Сондықтан үйдің құрылысына нақ осы жерді таңдауы да тегін емес.

1977 жылы Иван Шухов қайтыс болғаннан кейін мұнда ешкім тұрған жоқ. Сондықтан 1981 жылы аталған үй мұражайға айналған. Мұнда жазушының туысқандары, ауылдастары әкелген заттар сақтаулы. Жалпы 4 залда 3 мыңнан астам экспонат бар. Кейін жерлесіміздің туылғанына 110 жыл толуына орай мұнда ғылыми-практикалық конференция өтті.

Иван Турков- Жамбыл ауданының әкімі:


–  Мұндай конференцияның жазушының кіндік қаны тамған жерде өтуі тегін емес. Өйткені ол туған ауылын сүйді, мақтанып өтті. Оның туындылары жеңіл оқылып, көпшіліктің сүйікті шығармаларына айнылды. Ол қазақтың көптеген белгілі жазушыларының шығармаларын орысшаға аударды. Жалпы Иван Шуховтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі зор.

Кейін оқытушылар, ғалымдар жазушы жайлы өз баяндамаларын жасады. Айталық Иван Шухов атындағы Преснов орта мектеп-гимназиясының орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ольга Докучаева жазушының көпшілік біле бермейтін ақындық қырлары туралы да айтты. Оның өлеңдері көбіне Пушкин, Твордовский және Есениннің шығармаларымен үндесіп келген.

Ольга Докучаева:

– Иван Шухов атындағы Преснов орта мектеп-гимназиясының орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Жамбыл ауданы.

Жиында кейбірі Иван Шуховтың аудармашылық қырларына тоқталса, енді бірі оның туған өлкеге деген махаббаты жайлы айтты.

Людмила Субботько- педагогика еңбегінің ардагері, Жамбыл ауданы:


–  Ол туған жерге деген махаббатты шығармасын оқыған әр адамға жеткізе білді. Тіпті ақ қайыңдарға, жерге деген сүйіспеншілігін көркем тілмен шебер бейнелеген. Ол қарапайым ауыл еңбеккерлерінің жұмысы жайлы жазып отырды. Биыл облысымыздың 80 жылдық мерейтойы. Сондықтан мен Шуховтың тың игеру жылдарындағы шығармалары жайлы да айтамын. Өйткені оның осы тақырыпқа арналған 30 дан астам туындысы бар.

Бұдан соң жиылғандар Иван Шухов мұражай үйінің алдында орнатылған жазушының ерскерткішіне гүл шоқтарын қойды.

 

Кейін шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Магжан Ахмадина