Мәдениет

Жерлес жазушы Иван Шуховтың туғанына – 110 жыл

Тамара Долганова – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің архивисі:

– Біздің архивке Жамбыл ауданындағы Преснов ауылында орналасқан мұражайдан көрнекті жазушының барлық құжаттары мен туындыларының көшірмесін 1986 жылы әкелдік. Міне, бүгінгі көрмеде оның құжаттары, кезінде партиялық жиындарда оқыған баяндамалары, газет-журналдарда басылып шыққан мақалалары, шығармалары және оның көптеген фотосуреттері қойылған.

Бүгінгі көрмені мектеп оқушысы Айгерім Асанова да тамашалауға келіпті. Ол Иван Шуховтың туындыларының бірқатарын сүйсіне оқыған екен. Жеткіншек жиылған жұртшылық алдында қаламгердің бір туындысынан үзінді де оқып берді.

Айгерім Асанова – оқушы:

– Мен Иван Шуховтың шығармашылығымен орыс әдебиетінен өтетін үйірме сабақтарда таныстым. Содан бері бос уақытымда оның шығармаларын оқимын. Бүгін өтіп жатқан көрме жайлы естісімен осы жерге келдім. Барлық ұсынылған дүниелерді тамашаладым. Біраз, ақпаратқа қанықтым.

Иван Шуховтың 110 жылдығына арналған көрме тамыздың 12-сіне дейін жұмыс істейді. Оның өмір жолы және шығармашылығымен танысам дегендерге облыстық архивтің есігі әрдайым ашық.

 

Тоғжан Ақмағамбетова