Әр түрлі

Тамыздың бірінші жексенбісі – Көлік саласы қызметкерлерінің күні

Антон Федяев – СҚО әкімінің орынбасары:

– Құрметті көлік саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Бүгінде елімізде, әуе, теміржол қатынасын дамыту бағытында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл саладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көрсетілген қызметті сапалы ету жолындағы сіздердің еңбектеріңіз орасан зор. 

Салтанатты құттықтаудан өңір жетекшісінің орынбасары Антон Федяев көлік қызметкерлерін марапаттауға кірісті. Облыс әкімінің Құрмет грамотасын алғандардың бірі – Ерғали Қазиев. «Петропавл жолдары» кәсіпорнында еңбек ететін азамат осы салаға өмірінің 15 жылын арнапты. Жазда жөндеу жұмыстарын жүргізсе, қыста жолдарды қардан тазалаумен айналысады.

Ерғали Қазиев – «Петропавл жолдары» ЖШС механизаторы, Тимирязев ауданы:

– Мен К-700-пен жүремін. Қар тазалаймыз. Боран көп соқса 2-3 күндеп жұмыс істейміз. Біздің жұмысымыз сол. Біздің еңбегіміз жолда қалған халықты алып шығу. Сонда ғана кішкене қиын болады.

Темір тұлпарды тізгіндеген бұл азаматтардың жұмысы маңызды, қиын әрі өте жауапты. Өйткені, аптап ыстық пен қақаған суықта олардың көлігі сайлаулы болуы тиіс. Ол үшін бүгіндері салаға көп көңіл бөлінуде. Былтырдан бастап 40 жылдық тарихы бар жергілікті әуежайда да жөндеу жұмыстары қолға алынған.

Марат Хасенов – «Петропавл халықаралық әуежайы» АҚ директоры:

– Көп жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ұшу-қону жолағы, аэровокзал ғимараты жөнделуде. Жыл аяғында барлық жұмыстар аяқталатынына сенімдіміз.

Салтанатты марапаттаулардан соң мереке иелеріне ән-шашу ұсынылды.

 

Магжан Ахмадина