Әр түрлі

Петропавлда “Медиация күні” республикалық акциясы өтті

Қайрат Смағұлов – Петропавл қаласы 2-ші сотының судьясы:

– Тараптар арасындағы дауды татуластыру жолымен реттеудің өз үстемдіктері, артықшылықтары бар. Олар: тараптардың ынтымақтастығы, тараптар арасындағы өзара қарым-қатынасты сақтап қалу және де уақыт пен қаражатты үнемдеу. СҚО соттары жыл басынан 823 азаматтық істерді татуластыру рәсімдерінің қолданылуымен қаралған, нәтижесінде талап қоюшыларға жергілікті қазынадан 38 млн теңгеден астам мемлекеттік баж қайтарылды.

Бүгінде өңірімізде 68 медиация кабинеті жұмыс жасайды. Соның бірі облыстық ҚХА-нда орналасқан. Жыл басынан мұндағы медиаторлардың көмегіне 20-дан астам адам келіп жүгінген. Олардың барлығының мәселесі бітімгершілік арқылы шешіліпті. Жалпы соңғы жылдары өңірде проблемаларының татуласу жолмен аяқталуын қалайтындардың саны артып келеді дейді мамандар.

Галина Пехотина – «СҚ «Содружество» Құқық және Медиация орталығы» ҚБ жетекшісі:

– Біздің Медиация орталығының ашылғанына 3 жыл болды. Бұл уақыт аралығында медиаторлардың көмегіне 500-ден артық адам жүгінді. Соның ішінде 300-ден астамының мәселесін мамандар бітімгершілікпен аяқтаған. Негізі бізге қылмыстық істі қарау туралы өтінішпендер де келетіндер баршылық. Ондай жағдайлар да медиация арқылы шешіліп жатады. Сәйкесінше, ешкімге сот жазасы кесілмейді. Өйткені, қос тарап мәселелерін татуласу жолымен шешті.

Жиын соңында облысымыздың үздік медиаторлары жемісті еңбектері үшін марапатқа ие болды.

 

Айгерим Ержанова