Аптадағы маңызды жаңалықтар

Үстіміздегі жылдың 7 айында облыстық кәсіпкерлер палатасына 2 мыңнан астам өтініш келіп түскен

Оған облыстық соттың құрметті отставкадағы судьясы Инесса Қуанова төрағалық етеді. Өткен жылы кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі 8 отырыс өткізіп, 34 мәселені талқылаған. Нәтижесінде 100 бизнес субъектісіне көмек көрсетіліпті.

Тұрар Ысқақов – СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры:

– Биыл 6 отырыс өткізіліп, 18 мәселе қаралды. Нәтижесінде 9-ы оң шешімін тапты. Бизнеске қатысты мәселелерді тарқату үшін біз мемлекеттік органдармен, әсіресе, прокуратура, ішкі істер департаментімен бірлесе жұмыс істейміз. Көбіне кәсіпкерлер POS-терминалдарды және бақылау-кассалық машиналарды орнату, алкогольдік өнімді сатқаны үшін лицензиялық алымды жыл сайын төлеу сынды сұрақтармен жиі жүгінеді.


Сондай-ақ, елімізге инвестиция тарту жағынан да бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Өткен жылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы “Өңірлік даму картасын” әзірлеген. Бұның аясында ағымдағы жылы жалпы құны 7 млрд теңгеден асатын 100-ден артық инвестициялық жобаның зерттеуі жүргізілуде. Өңірлік даму картасы арқылы шетелдің қалталы азаматтарына жергілікті кәсіпкерлердің жобалары таныстырылады.

Тұрар Ысқақов – СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры:

– Қазіргі таңда бұл картаға 5 жобаны енгізу туралы келісім жүргізілді. Бұл бағытта әлі де болса жұмыстар атқарылып жатыр. Егер де өздерінің жобаларына инвестор іздеген кәсіпкерлер болса, “Өңірлік даму картасына” қатысуға шақырамын.

Айта кету қажет, облыстық кәсіпкерлер палатасының ықпалдасуымен соңғы 2 жылда жалпы сомасы 2,5 млрд теңге болатын 350-ден астам жоба іске асқан. Соның арқасында 550-ге жуық жаңа жұмыс орны пайда болды.

 

Риат Шони