Әр түрлі

Тамыз айының бірінші жексенбісі – Теміржолшылар күні

Нәзік жанды еңбек жолын билет кассирі қызметінен бастаған. Бұл орында 18 жыл еңбек етіп, билет кассаларының меңгерушісіне дейін көтерілген.

Ольга Жепко, Оңтүстік Орал темір жолының “Петропавл” станциясы билет кассаларының меңгерушісі:

– Менің анам темір жолда қызмет етті. Сол себепті, мен де осы саланы таңдадым. Кішкентай кезімнен бұл кәсіптің киіміне қызығатынмын. Және осы жерде жұмыс жасайтын қызметкерлердің барлығы да жауапты әрі тәртіпті болып келеді.

Қазіргі уақытта Ольга Жепконың қарамағында 52 маман бар. Ол қызмет орнына таңертең келісімен жұмысшыларға атқыралатын істер бойынша нұсқау беріп, шаруаның дұрыс атқарылуын қадағалайды.

Ольга Жепко, Оңтүстік Орал темір жолының “Петропавл” станциясы билет кассаларының меңгерушісі:

– Жұмысқа келісімен түнгі ауысымда еңбектенген қызметкерлерден бір өзгерістердің болған-болмағандығын сұраймын. Сондай-ақ, әр маманға тиісті емтиханның және техникалық оқудың қашан басталатынын хабарлап, олардың міндетті түрде қатысуын бақылауда ұстаймын.

Жалпы, бүгінде Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл станциясында 200-ге жуық адам қызмет етеді.

Тоғжан Ақмағамбетова