Денсаулық сақтау

СҚО-да балалар жарақаты азаймай тұр

 

Кейін аяғы тірелген бұтақ шырт етіп сынып, жерге құлаған. Нәтижесінде баланың сүйегі сынған. Енді бір-екі күнде жасөспірімге ота жасалмақ. Операцияның көмегі 4 жасар Богданға да қажет.

Светлана Бочкарева – Богданның анасы:

– Ұлым жолдасыммен бірге жүрген. Дүкеннен шығып келе жатыпты. Ойын баласы ғой. Әкесінен бұрын сауда орнынан жүгіріп шығып, байқамастан көліктің астына түсті. Бұл жерде темір тұлпар иесінің кінәсі де жоқ. Қазір жағдайымыз жақсы. Ертең Богданның аяғына ота жасалмақ. Сәтті өтсе бір аптадан соң үйімізге барамыз.

Дәрігерлердің айтуынша, негізінен жрақаттардың басым бөлігі үй жағдайында орын алады. Мәселен, бүлдіршіндердің сіреңкемен ойнаймын деп денесін күйдіріп алуы, электр тоғына түсуі сынды түрлі жағдайларды жиі кезіктіреміз. Тек ағымдағы жылдың басынан облыстық балалар ауруханасының жарақат бөліміне 600-ге жуық емделуші түскен.

Борис Гончаров – Облыстық балалар ауруханасының травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі:


–  Біздің бөлімшеде балаларға арналған 33 жатын орны бар. Ол бізде ешқашан босамайды. Осыдан екі күн бұрын бізде 50-ге жуық бүлдіршін жатқан. Қазір олардың саны – 39. Көбіне балақайлардың жарақаттануы ата-аналардың кінәсінен болып жатады. Өйткені, олар кішкентай ұл-қыздарын қараусыз қалдырады.

Мына бөлмеде электр тоғынан зардап шеккен Матвей есімді 2 бала жатыр. Бірі 2 жаста болса, ал екіншісі небәрі 7 айлық. Жақында екеуіне де тері ауыстырып салу операциясы жасалмақ.

Елена Волырина – Матвейдің анасы:


–  Ең ауыры артта қалды. Қазір жағдайымыз бірқалыпты. Дегенмен алдағы уақытта кішкентайыма ота жасалады. Қобалжып отырмын. Әлі кішкентай ғой. Бұл оқиға қас қағым сәтте орын алды. Жүріп үйренуіне арналған арбамен үй ішінде ойнап жүрген. Бұрылып қалып едім, қуатталып тұрған телефонның маңына барып, тоққа түсті. 

Балалар арасында, әсіресе жазғы мезгілде күйік шалу жағдайлары да жиі кездеседі. Ақ халаттылар абайсызда тоқ ұрып немесе оттан жапа шеккендердің өмірі үшін жанталасады. Мұндай оқиғаларға дәрігерлер көп жағдайда балаларын қадағалаусыз қалдыратын әке-шешелерді кінәлайды. Сондықтан, мамандар ата-аналарға оқыс оқиғаның алдын алуы үшін бауыр еті – балаларын жіті бақылауда ұстауға кеңес береді.

Айгерим Ержанова